• 21 сентября, 2024 8:28 пп

Шымкентте «Жаңа экономикалық саясат» бойынша шағын және орта бизнеске қолдау шаралары кешенді жұмыс атқаруда!

Автор:admin

Июл 9, 2023

Шымкент еліміздің үшінші шаһары болғандықтан, қаламыздың оң динамикада дамуы, экономикалық қуаттылығы күн тәртібінде түратын өзекті мәселелердің бірі. Қаламыздың кәсіпкерлік саласы бизнес өкілдері мен қалалық әкімдіктің қолдауымен, мемлекеттік бағдарламалардың тиімді индикаторлық көрсеткіштермен жұмыс жасауының арқасында, бизнесті қолдау шаралары жалғасын тауып отыр. Егер биыл шаһар экономикасына тартылуы жоспарланып отырған инвестицияларды салалар бойынша талдасақ, негізгі үлес шағын және орта кәсіпкерліктің еншісінде екенін байқаймыз. 2023 жылы шағын және орта бизнес бағытына – 250 миллиард, индустриалды жобаларға – 56 миллиард, коммерциялық тұрғын үйлердің құрылысына – 200 миллиард, туризм, көлік және сауда салаларына – 29 миллиард және ауыл шаруашылығына 15 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарланған. Осы орайда биыл жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалардың кейбіріне тоқталып өтсек деген ойдамыз. Мәселен, ірі жобалардың бірі ретінде «Shymkent Temir» ЖШС-інің болат блум өндірісін кеңейту жобасын айтуға болады. Компания бұл жобаға 5 миллиард теңге инвестиция бағыттап отыр. Сол арқылы қолданыстағы өндіріс кеңейтіліп, зауыттың қуаттылығы арта түседі. Нақтырақ айтар болсақ, жылына қосымша 250 мың тонна болат блум өнімдері жасалады деп жоспарланған. Бұл кәсіпорында 50-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.Одан басқа «Юг PLASTIC KZ» компаниясы ПВХ-дан кәріз жүйелерін және үй шатырынан жаңбыр суын ағызуға арналған суағарлар өндіру жобасы да бар. Жобаның инвестициялық құны 1,5 млрд. теңгені құрайды және жаңа зауыт жылына 150 мың тонна өнім өндіреді деп күтілуде. Сонымен қатар, «HYDROGEN ENERGY» серіктестігі 4 миллиард теңге инвестиция бағыттай отырып, жылына 8 мың тонна сутегі асқын тотығын өндіретін кәсіпорын ашуды қолға алды.

Jsk ақпарат

Автор: admin