• 10 сентября, 2025 7:04 дп

Шымкентте «Заң мен Тәртіп» тақырыбында жастармен кездесу өтті

Автор:admin

Авг 19, 2025

Шымкент қаласында «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды қайта әлеуметтендіру процесіне тарту» 2025 жылға арналған жобасы аясында, “ЗАҢ МЕН ТӘРТІП” ТАҚЫРЫБЫНДА ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕГІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ өткізілді. Іс-шара барысында сөз алып, Шымкент қаласы бойынша «Қылмыстық Атқару Жүйесі Департаменті» пробация қызметтеріне басшылық ету бөлімінің бас маманы, Әділет полковнигі Тәңірбергенов Айбек Жылқыайдарұлы, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға, пробация қызметінде есепте тұрған тұлғаларға ҚР Заңамаларын айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс шара барысында, педагогика және психалогия ғылымдарының магистрі отбасы психологі тренер//спикер деп аталатын Турсунбаева Айсулу Полатовна сөз сөйлеп, облыстық қоғамдық даму басқармасы, мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс аясында «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды қайта әлеуметтендіру процесіне тарту» бойынша психологиялық қолдау көрсету тренингін өткізді.Іс шара барысында, коррдинатор/модератор: экономика ғылымдарының магистрі қаржыгер-экономист Құрбанов Әбілқайыр Жүсбекович патриоттық іс-шараны жүргізді және «Қаржылық сауаттылық: негіздері, функциялар, қалай үйренуге болады» және «Өз қаржыңызды басқару принциптерін ұстану арқылы сіз табысыңызға сәйкес өмір сүруді және өзіңіздің әл-ауқатыңызды жоспарлы түрде арттырып отыруды үйрену» туралы тренингін өткізді. Іс-шараның нәтижесінде қатысушылар әлеуметтік қайта әлеуметтендіру бойынша қажетті білімдер мен дағдыларды меңгерді. Оларға құқықтық және психологиялық қолдау көрсетіліп, өмірлік қиындықтарды жеңу жолдары туралы кеңестер берілді. Сонымен қатар, қаржылық сауаттылықты арттыру және жеке қаржы басқару дағдыларын қалыптастыру мақсатында бірқатар тиімді әдістер ұсынылды. Бұл тренингтер жастардың болашақтағы өмірлік жолын оңтайландыруға ықпал етіп, оларды қоғамға қайта бейімдеуге мүмкіндік береді. Жобаның жүзеге асырылуы жастардың әлеуметтік ортаға бейімделу процесін жылдамдатып, олардың қоғаммен үйлесімді өмір сүруіне ықпал етеді. Оларға психологиялық көмек көрсету арқылы өз-өзіне деген сенім қалыптастыруға жағдай жасалды. Мұндай іс-шаралардың жиі өткізілуі азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамдағы өз орнын табуға көмектеседі.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin