• 24 ноября, 2024 9:36 дп

ШЫМКЕНТТЕ МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ — 2022 ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Автор:admin

Июл 9, 2022

Шымкентте «Мерейлі отбасы — 2022» байқауына қатысуға өтініш білдірген белсенді отбасылар саны артты. Былтыр конкурсқа қатысуға 110 отбасы ниет етсе, биыл 128 отбасы құжат тапсырған. Қазіргі таңда төрт аудан бойынша аудандық деңгейде өткен конкурс өз мәресіне жетті. Абай ауданы – 33, Әл-Фараби ауданы – 30, Еңбекші ауданы – 31, Қаратау ауданы – 34 мерейлі отбасы  тиісті құжаттарын тапсырып, жеңімпаздарды анықтау бойынша  құрылған комиссия өз шешімдерін шығарды. Әр ауданнан 4 отбасыдан жалпы 16 отбасы жеңімпаз деп танылып, олар қалалық кезеңге жолдама алды. Атап айтатын болса,  Абай ауданы бойынша: Тоқтиевтар отбасы Қаржаубаевтар отбасы, Сыздықовтар отбасы, Шаймырзаевтар отбасы. Әл-Фараби ауданы бойынша: Бидайбековтар отбасы, Абдихановтар отбасы, Шамшиевтер отбасы, Баймахан отбасы. Еңбекші ауданы бойынша:  Байбосыновтар отбасы, Бақтыбаевтар отбасы, Тенизбаевтар отбасы, Шукуровтар отбасы.  Қаратау ауданы бойынша: Жақыповтар отбасы, Есенамановтар отбасы, Бойшевтар отбасы, Адилбаевтар отбасы.  Енді, қалалық кезеңінің жеңімпаздары  15 шілдеге дейін анықталатын болатын. Қалада үздік деп танылған отбасылар республикада бақ сынайды. отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.

Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын , ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.

«Өз үйім өлең төсегім» деген қазақ даналығында айтылғандай өз отбасың, өз үйің әрқашан жылу тартып, жанға жақын болады. Сол себепті де әр адам өз отбасын сыйлап, құрметтей білуі шарт.Себебі қазіргі кезде көп жастар шет елдерде оқып, сол елдерде қалып қояды.

Бұдан Отанға деген ешқандай ізгі ниетті байқамаймыз, сондықтан да отбасын қалай қадірлейміз, дәл солай Отанды да қадірлеп, қолдан келгенше аялауымыз керек!

 

Jsk ақпарат

Автор: admin