Заң мен тәртіп консолидациялық жобасы бойынша құқық бұзушылықтың кез келген түріне мүлде төзбейтін әрі оны қатаң айыптайтын жағдайды мемлекетте қалыптастыра білуіміз керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Заңсыздық, тәртіпсіздік, мәдениетсіздік елді жарға жығады. Мұндай жағымсыз үрдіске бүкіл қоғам болып қарсы тұруымыз керек. Ал тәртіпке бағынған қоғам өркениетті болады. Бұл – заңдылық. Әр азамат еліміздің заңын құрметтесе, береке-бірлік те, бақуатты тұрмыс та болады», – деп өзекті мәселені орынды көтеріп отыр. Осы бағытта мемлекет пен қоғам дамуының кепілі болып саналатын заң мен тәртіпті басты құндылық ретінде ұстанып, мемлекетімізде әділеттілік пен тұрақтылықты орнықтыруға әр азамат өз үлесін қосуға міндетті. Шымкент қаласында полицейлер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді, – деп хабарлайды Jsk.kz ақпараттық агенттігі. «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Шымкентте полицейлер №25, №65 және №148 мектептерінің оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында полицейлер 300-ден астам жоғары сынып оқушыларына қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, онда кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың маңызды мәселелерін талқылады және құқықтық салдарын түсіндірді. Өз кезегінде полицейлер қорқыту, есірткі қылмыстары және басқа да құқық бұзушылықтар үшін қатаң жауапкершілік қарастырылғанын ескертті. Сондай-ақ полицейлер бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде абай болу және интернеттегі алаяқтардан сақ болу туралы кеңес берді. Полицейлер атап өткендей, қауіпсіздік сабақтары жастардың құқықтық сауатын арттыруда, қауіпсіз қоғамды қалыптастыруда және полиция жұмысына деген сенімді арттыруда маңызды қадам болды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының басшылығымен өткізген кеңесте «Заң және тәртіп» қағидатын ұстану қоғамның идеологиялық және саясат нұсқаулығына айналуы керек екенін ерекше атап көрсеткен болатын. Мемлекет басшысы «Адал адам – Адал азамат – Адал табыс» атты Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында ұлттың жаңа келбетін айқындайтын негізгі құндылықтар ретінде: «Тағы бір маңызды құндылық, бұл – заң және тәртіп. Заң алдында бәрі бірдей. Бұл – баршаға ортақ мызғымас қағида. Мемлекет жүгенсіздікке, тәртіпсіздікке және бейберекеттікке ешқашан жол бермейді. Мұны әрбір азамат жете түсінуі тиіс. Барша азамат, барлық жерде, соның ішінде әлеуметтік желіде де заңды мүлтіксіз сақтауы керек. Заңға қайшы келетін, қоғамға іріткі салатын және арандатушылық пиғылдағы кез келген әрекетке қатаң тиым салынады. Ел ішіндегі тәртіпке әрқайсымыз жауаптымыз», – деп атап көрсетуінің өзі мемлекетіміздегі тыныштықты және азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса мән беруін өте орынды айтылған талап деуге болады.
Jsk ақпараттық агенттігі
Шымкентте полицейлер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
