• 10 сентября, 2025 8:37 пп

Шымкентте полиция дронның көмегімен абаттандыру ережелерін бұзған тұлғаларды анықтауда

Автор:admin

Авг 10, 2025

Құқық – қоғам өмірінің негізі. Заң мен тәртіптің сақталуы адамдардың бейбіт әрі қауіпсіз өмірінің кепілі. Сондықтан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл «Заң мен тәртіп» қағидатын енгізіп, Қазақстанды қауіпсіз елге айналдыру жоспарын көздеп отыр. Бұл жөнінде тиісті тапсырмалар беріліп, орындалып та жатыр. Заң мен тәртіп – тыныштық кепілі. Мемлекет басшысы елімізде «Заң және тәртіп» қағидатын біржола орнықтыруда полиция айрықша рөл атқаратынын атап өткен болатын.

– Қылмыспен күресу және қоғамдық тәртіпті сақтау – аса маңызды міндет. Бұл – жауапкершілігі өте үлкен жұмыс. Еліміздің әрбір азаматы өзін қауіпсіз сезінуге тиіс. Ол үшін құқық қорғау жүйесі үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі қажет. Ең алдымен, мемлекетте заң талаптары мүлтіксіз орындалуы керек. Заң бұзған кез келген адам жазасын алуға тиіс, – деген болатын Президент. Шымкентте полиция дронның көмегімен абаттандыру ережелерін бұзған тұлғаларды анықтауда, — деп хабарлайды Jsk.kz ақпараттық агенттігі. Экологиялық бағыттағы «Таза қала» акциясы аясында полицейлер күнделікті абаттандыру қағидаларын бұзу жайттарын анықтап, олардың жолын кесу мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізуде. Іс-шаралар барысында дронның көмегімен қалдықтарды заңсыз тастау жайты анықталды. Жүк көліктері рұқсат етілмеген орынға қоқыс тастаған. Құқық бұзушылар жедел анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, дрондарды қолдану қолжетімсіз жерлерде экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді. Полиция қала аумағын абаттандыру ережелерін қатаң сақтауға шақырып, тек бірлескен күшпен тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге болатынын еске салады. Президенттің айтуынша, азаматтары, әсіресе жастары мәдениетті, жаңашыл әрі жасампаз ұлттың ұпайы түгел. Сондықтан біз өркениетті ел болуға кедергі жасайтын жағымсыз әдеттерден осы бастан арылуымыз керек. Халқымыз қашанда кең пейілімен, толеранттылығымен ерекшеленген. Еліміздің басты құндылығы – бірлік пен келісім ең алдымен, осы қасиеттердің арқасында сақталып отыр. Қазақстанда тіліне, дініне, ұлтына, әлеуметтік жағдайына және басқа да себептерге байланысты ешкімге ешқандай қысым жасалмайды, жасалуы да мүмкін емес. Әрине, мұндай жайттар ара-тұра кездеседі. Бірақ бұл көбіне жекелеген адамдардың сауатсыздығы мен жауапсыздығынан болып жатады. Құқық қорғау органдары әрдайым заң арқылы мұндай оқиғалардың жолын кеседі. Сондықтан әрбір қазақстандық заң мен тәртіп алдында жауапкершіліктің жүгі ауыр екенін сезініп жүрулері тиіс.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin