Бүгінгі күннің болмысы республиканың мемлекеттік-құқықтық институттарының жүйесі ретінде ҚР-сы Конституциясының сақталуын мемлекеттің атынан жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, қылмысқа қарсы күресте құқық қорғау және өзге де органдардың қызметін үйлестіретін, өз кезегінде, заңдардың, азаматтардың құқықтарын қорғауға және мемлекеттік мүдделердің сақталуына ықпал ететін көп функционалды орган ретінде прокуратура органдарының құқықтық мәртебесін заңнамалық тәртіппен кеңейтуді талап етеді.Осы орайда Прокурорлардың құқықтық салада атқарып отырған жұмыстары еңселі. Прокуратураның тәуелсіздігі принципінің мәні әрбір прокурордың өз қызметінде тәуелсіз болуынан және оған жүктелген міндеттерін орындау кезінде заңдарды және оларға сәйкес шығарылатын Бас прокурордың нұсқаулары мен бұйрықтарын басшылыққа алудан тұрады. Прокурор оның қадағалау қызметіне қандай да болмасын орталық не жергілікті органның араласуынан қорғалған. Қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәуелсіздігі принципінің мемлекеттік және саяси аса маңызы зор, осы принципті дәйекті сақтаған кезде ғана прокуратура мемлекет қойған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізе алады. Осы принципті жүзеге асыруды ұйымдастыру арқылы, прокурорлық кадрларды тағайындау тәртібімен, заңмен белгіленген прокурорлық бағыныстылық және есеп беру жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Прокуратура органдары қызметіндегі жариялылық прокуратураның еліміздегі басқада құқық қорғау органдары сияқты өз функцияларын қоғамнан, азаматтардае оқшауланбай жүзеге асырады. Заңда прокуратура азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау, мемлекеттік құпияларды қорғау туралы ҚР заңдарының талаптарына қайшы келмейтін шамада ашық әрекет ететіні ұйғарылған. Осы мақсатта Шымкент қаласының прокуратурасы тексеру нәтижесімен ауыл шаруашылығы саласында өрескел заң бұзушылықтарды анықтады. Атап айтқанда, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің сүт өнімінің құнын төмендету бойынша ұсынған өтінімдерінде жалған ақпарат беру арқылы субсидияларды заңсыз алу фактілерін анықтады. Қала прокуратурасы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге қатысты 12 млн теңгені жымқыру фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі (ірі көлемдегі алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа жолдады. Прокурорлық қадағалау актісі негізінде Шымкент қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының 6 лауазымды тұлғасы, оның ішінде басқарма бастығының орынбасары тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекет кірісіне 24 млн теңге өндірілді.
Jsk ақпараттық агенттігі