• 3 ноября, 2025 1:04 пп

Шымкентте республикалық “Бақытты отбасы – бақытты ел” акциясы басталды

Автор:admin

Авг 28, 2025

Шымкентте республикалық “Бақытты отбасы – бақытты ел” акциясы басталды, — деп хабарлайды Jsk.kz ақпараттық агенттігі. Шымкент қаласы ПД-ның жергілікті полиция қызметі басқармасы мүдделі мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп осы жылдың 27-тамыз және 10-қыркүйек аралығында республикалық «Бақытты отбасы — бақытты ел!» акциясын өткізуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтарды алдын-алу, жұртшылықтың, атқарушы және заң шығарушы биліктің назарын зорлық-зомбылық мәселесіне аудару, зорлық-зомбылық құрбандарын оңалту бойынша қызмет көрсету, зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасы мүшелеріне психологиялық, педагогикалық, құқықтық көмек көрсету, сенім телефондары мен дағдарыс орталықтары туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттандыру, сондай-ақ, халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу және құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады. Әйелдердің құқықтарын қорғау, отбасылық құндылықтарды сақтау, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрлігі басшылығының ерекше бақылауында. Адамзат баласы әлмисақтан бері әділет іздеп келе жатқаны анық. «Әділет жоқ» деп кей-кейде налитынымыз да бар. Әркімнің өз ақиқаты барын ескерсек, тұтас қоғам мен мемлекеттің әділ болуы – аса маңызды мәселе. Бұл ретте біздің қоғамның әділетке зәру екені белгілі. Осыны терең сезінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел тізгінін қолына ұстаған кезінде «Біз әділетті мемлекет, әділетті экономика және әділетті қоғам құрамыз» деп мәлімдеді. Содан бері елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен тың әрі жаңа өзгеріс серпілісі басталды.  Президент Жол­дауын­­да халықтың құқық­­тық мәдениеті артып, қоғамда оң өзгерістер байқалып келе жатқанын атап өтті. «Қа­зақ­стан халқы қазір мүл­де жаңа саяси жағдайда өмір сүруде. Соңғы 5 жылда ауқым­ды реформалар жасал­ды. Еліміздің саяси жүйесі түбе­гей­лі өзгерді. Жұрт­тың сана-сезімінде бетбұрыс болып жатыр. Халықтың құқық­тық мәдениеті артып келеді. Аза­мат­тардың бойында жаңа әдеттер, дағдылар қалыптасып, жаңа құндылықтар орнығуда. Саяси және қоғамдық болмысымыз, менталитетіміз және мәдени кодымыз өзгере бастады. Бір сөзбен айтсақ, Әділетті Қазақстан құрылып жатыр», деді Қ.Тоқаев. Әділетті Қазақстан орнық­ты­ру­дың басты ұраны да, құралы да заң мен тәртіп болуы керек. Бұл, әсіресе бүгінде түрлі пікірлер мен көзқарастардың тайталасы ушыға түсіп, кейде жеке адамның ар-намысын аяқасты ететін, кейде Құдайға да, Құранға да қарсы шығып, ата салтты мансұқтап, үлкен­дер­­дің айтқанына құлақ асудан да қалып бара жатқан қоғам үшін ауадай қажет. Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауының осы үш қағидасы, яғни заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм барлық отандасымызды ортақ мүдде мен мақсатқа жұмылдыратын басты идеологиясы болуға тиіс.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin