• 23 ноября, 2024 1:33 пп

Шымкентте сауда-экономикалық «А» санатты орталық жұмыс жасауда!

Автор:admin

Июл 10, 2023

Әлемдегі ірі мегаполистердің тыныс-тіршілігіне қарасақ, алып шаһарлардың жан-жағындағы елді мекендер қаланы азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұрады. Бұл ретте өнім беруші мен тұтынушы арасындағы жүйелі байланысты реттеуде сауда-логистикалық орталықтарының маңыздылығы ерекше. Қазіргі таңда өңірімізде экологиялық таза өнiмдер жеткiлiктi мөлшерде өндiрiледi. Сауда және көлiк-логистикалық кешенінiң дамуы – бiздiң тауарлардың сыртқы нарыққа шығаруына жол ашады. Осы ретте, Шымкентте аумағы 92 гектар жерге әлемдік стандартқа сай «А» санатты заманауи сауда-логистика орталығы жұмыс істеп тұр. Бұл сауда-логистикалық орталықтың тиімділігі, ол – тоғыз жолдың торабында орналасқандығы. Географиялық тұрғыдан алғанда, әуежайдан 3 шақырым, темір жол желісінен 500 метр жерде орналасқандығы Шымкенттің кәсіпорындарында өндірілген тауарларды көптеп шетке шығуына жол ашады. Орталықта 27,5 млрд теңгеге 3 жоба іске асырылып жатыр. Аталған орталықтың жұмысы екі бағытта, біріншісі – логистиканы дамыту, екіншісі азық-түлік қауіпсіздігі белдеуін құру бойынша жүзеге асырылады. Мұндай инвестициялық жобалардың тиімділігі – бюджеттен арнайы аймақтар құрылу үшін бөлінген 1 теңгеге 10 теңге жеке инвестиция тартылыпты. Осы арнайы өндірістік және логистикалық аймақтардан бүгінге дейін 57,6 млрд теңге салық түскен. Бүгінде жұмыс істеп тұрған индустриалды аймақтардың өндіріс орындарымен жылдам толуына байланысты аумағы 867 гектарды құрайтын 5 жаңа өнеркәсіптік алаң құрылып жатыр. Бұл аймақтарда 398 млрд теңгенің 271 жобасы іске асырылады. 2021 жылы қаламызда аумағы 306 гектарды құрайтын жаңа «Жұлдыз» индустриялды аймағы құрылды. Жаңа аймақта машина жасау, фармацевтика, металлургия, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы салаларында 2023-2026 жылдар аралығында 200 млрд теңгеге 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен жүзеге асырылатын 50 жобаның пулы әзірленді. Аталған аймақта инвестициялық құны 147,2 млрд теңгені құрайтын, 4023 жаңа жұмыс орындарымен қамтитын 42 жоба іске асырылуда. Оның ішінде, 2023 жылы инвестициялық құны 7,1 млрд теңге болған 411 жаңа жұмыс орындарымен 5 жобаны іске қосу көзделуде. Одан бөлек, биыл «Бозарық» тамақ өнеркәсібінің индустриялды аймағының инженерлік-инфрақұрылымдық желілерін аяқтау жоспарланып отыр. Индустриалды аймақтың жалпы аумағы – 132 гектар. Бүгінде онда орналастырылатын 22,7 млрд теңгеге 1,8 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарымен 21 жоба пулы жасақталды. Сондай-ақ, жеке «Standard» индустриялық аймағы құрылып жатыр. «Оңтүстік» АЭА 175 гектарға дейін және сауда-логистикалық орталығын 136 гектарға дейін кеңейту жұмысы жүргізілуде, — деді Б.Дүйсебеков.

Jsk ақпарат

Автор: admin