• 24 ноября, 2024 8:01 дп

Шымкентте су және кәріз жүйесі — шалғай аудандарда жаңартылуда

Автор:admin

Окт 7, 2023

Осы жылы Шымкентте 7 шақырымға жуық су және кәріз жүйесі жаңартылған. Ал жоспарланған жұмыс 103 пайызға орындалған. Ескірген су құбырын ауыстыру нәтижесінде нормативтік-техникалық шығын 0,18 пайыз төмендеп, құбырлардың тозу деңгейі 0,5 пайызға азайған. Сондай-ақ, биыл 7 млн. теңгеге жуық қаржы кәсіпорынды материалдық-техникалық жабдықтауға жұмсалған. Құрсай шағынауданы 2024 жылы ауызсумен толық қамтылады. Осылай деген су құбырлары және канализация басқарма басшысының орынбасары қазіргі таңда су сорғы станциясының құрылысы қарқынды жүріп жатқанын айтады. Ал қаланың бірқатар көшелерінде су құбыры жаңартылып, резервуар құрылысы аяқталғанда іске қосылады. Жауаптылардың сөзінше Құрсай елдімекенінде жекеменшік су құбырларының сапасы нашарлауы, тозу деңгейінің жеткендігі, оның ішінде Қазығұрт мөлтекауданында Құрманбек Жандарбеков көшесінің бойында орналасқан 315 диамтерлік құбыр тозығы жеткен 450 метр құбырды ауыстырылуда. Қазіргі таңда құрылысы жүріп жатқан су қоймасы 2023-те толық бітсе, мамандар құбырды қосуға дайын екенін айтады. Су сорғы станциясының құрылысымен айналысып жатқан жұмысшылар да қолданыстағы материалдардың сапалы екенін айтады. Ал орнатылатын құбырлар кемінде 50 жыл қызмет ететін көрінеді. Биыл бекітіліген инвестицилық бағдарламаның сомасы 110 млн. теңге болса, жұмыс 113 млн. теңгеге, яғни 103 процентке артығымен орындалып, толық игерілді дейді мамандар. Сондай-ақ, 7 миллион теңгеге жуық су сорғы, су реттегіш секілді материалдық-техникалық құрал-жабдық сатып алынған. Айта кетсек, 2021-2026 жылдарға су құбыры және канализация басқармасына барлығы 750 миллион теңгеге жуық қаражат қарастырып, инвестициялық бағдарламасы бекітілді. Оның ішінде 2022 жылға тиесілі 110 миллион теңгені құрайды. Бүгінгі таңда 7 шақырымға жуық су жүйесі мен кәріз жүйесі жаңартылды. Қосымша 7 млн теңге қаражатқа негізгі құралдар сатып алынды. Жалпы 2023 жылы Шымкентте 7 шақырымға жуық су және кәріз жүйесі жаңартылған. Ескірген құбырларды жаңарту нәтижесінде нормативтік-техникалық шығын 0,18 пайызға төмендеген. Ал құбырлардың тозу деңгейі 0,5 пайызға азайған көрінеді. Мемлекет басшысының халықтың тұрмыстық әл ауқатын жақсарту туралы берген тапсырмасына орай Шымкентте осындай толымды тірліктер атқарылуда. Бұл жұмыстар жалғасын табатын болады.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin