• 26 ноября, 2024 1:34 пп

Шымкентте табиғат қорғау заңнамасын бұзған 200 тұлға полиция тарапынан жауапқа тартылды

Автор:admin

Апр 3, 2024

Құқық қорғау қызметтерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасында нақты органдар құрылады және оларды тиісінше құқық қорғау қызметінің органдары деп атайды. Құқық қорғау қызметтерінің мазмұнын, құқық қорғау қызметінің бағытын талдай отырып, құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын органдарына мыналарды жатқызуға болады. Құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын органдардан бөлек тұратын және олармен тығыз байланыста болатын және олардың жүйесінен шығатын — ол құқық қорғау органдары. Құқық қорғау органдарының ерекшелігі тек олар ғана қылмыстармен күреседі, қылмыстарды алдын алады, анықтап, жояды. Қылмыс жасаған тұлғаны анықтап, оны қылмыстық жауапқа тартады және жасалған қылмыс бойынша тергеу жүргізеді. Соның бірі жергілікті полиция органын құру және болатын қылмыстардың алдын-алу. Полиция ол құқық қорғаушы және заңды бұлжытпай орындайтын маман. Сондай мамандар Қазақстанымыздың әр өңірінде өз біліктіліктерін арттырып, білімдерін айқындап отырса, қылмысты болдыртпау шаралары орнықты жүзеге асатыны сөзсіз. Полиция тек халықтың тыныштығын күзетіп ғана қоймай, заңның орындалу тәртібін түсіндіретін, заңсыздықтардың алдын алатын құқықтық орган болып табылады.Мысалы мегаполис полициясы «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Негізгі мақсат – заңсыз аң аулау, ағаштарды заңсыз кесу, биологиялық ресурстар объектілерін заңсыз алу, тасымалдау, сату немесе өткізу жайттарының жолын кесу. Шараның жиырма күнінде тәртіп сақшылары 200-ге жуық табиғатты қорғау заңнамасын бұзу жайтын анықтады. Оның ішінде жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабымен 38 адам жауапқа тартылды, азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзғаны үшін 116 азаматқа айыппұл салынса, ӘҚБтК-нің 386-бабына сәйкес жасыл екпелерді күтіп ұстау және қорғау қағидаларын бұзған 38 тұлға ескерту алды. Құқық қорғаушылар тұрғындарға заңсыз аң аулағаны үшін заңнамада көзделген жауапкершілік туралы еске салады және өңірдің экологиялық әл-ауқатын сақтауға, табиғат пен жануарлар дүниесін қорғауға шақырады.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin