• 27 ноября, 2024 8:01 пп

ШЫМКЕНТТЕ ЭЛЕКТР ЖӘНЕ ТАБИҒИ ГАЗ МӘСЕЛЕСІ 2025 ЖЫЛЫ ТОЛЫҚ ШЕШІМІН ТАППАҚ!

Автор:admin

Июл 5, 2022

Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс.

Дамушы елдер арасында осы клубтағы орынға бәсекелестік қатал болмақ. Күн астындағы орын тек ең мықтыларға арналғанын нақты сезіне отырып, ұлтымыз жаһандық экономикалық тайталасқа дайын болуға тиіс.

Біз бірінші дәрежедегі мынадай мақсаттарымызды назардан шығармастан, нысаналы әрі шабытты жұмыс істеуіміз керек:

  • Мемлекеттілікті одан әрі дамыту және нығайту.
  • Экономикалық саясаттың жаңа қағидаттарына көшу.
  • Ұлттық экономиканың жетекші күші – кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсету.
  • Жаңа әлеуметтік үлгіні қалыптастыру.
  • Білім беру мен денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы және тиімді жүйесін құру.
  • Мемлекеттік аппараттың жауапкершілігін, тиімділігі мен функционалдығын арттыру.
  • Халықаралық және қорғаныс саясатының жаңа сын-қатерлеріне парапар саясат құру.

Бүгін, сонымен қатар, мен 2050 жаңа саяси бағыттың табысты басталуын қамтамасыз ететін 2013 жылғы бірінші кезектегі міндеттерді атағалы отырмын.

Осы міндеттерге сәйкес Үкімет шұғыл түрде 2013 жылғы жалпыұлттық іс-қимыл жоспарын әзірлеуі тиіс.

Осынау аса маңызды құжат нақты тапсырмаларды қамтуы және биліктің атқарушы, заң шығарушы және сот тармақтары басшыларының дербес жауапкершілігін көздеуі тиіс.

Осы орайда Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мемлекеттік бағдарламалар арқылы асатын жобалар жайында мәлімдеді. Қала әкімі шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндамасында инфрақұрылым жүйесімен қамту жұмыстарының барысына тоқталып өтті.

Шаһарда инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы кезең-кезең бойынша жүргізілуде. «Бозарық» қосалқы стансасы мен АГРС іске қосылып, электр қуаты мен табиғи газ тапшылығы шешілді.

– Бүгінде 8 елді мекенде электр энергиясы, 31 елді мекенде табиғи ғаздың сапасы жөнінде мәселелер бар. Биыл сапалы электрмен қамтуда 16, табиғи газ жүйесі бойынша 18 нысанның құрылысы жүргізілуде. Осы жұмыстардың нәтижесінде сапалы электрмен қамту көрсеткіші 99 пайызға, табиғи газбен қамту 94,7 %-ға өседі. Жалпы 2023 жылы ауыз сумен қамту, 2025 жылы электр қуаты және табиғи газбен қамту 100 пайызға орындалады, – деді қала әкімі.

Сонымен қатар, биыл 19 кәріз жүйесінің құрылысы атқарылуда. Нәтиижесінде, кәрізбен қамту 54 %-дан 60 %-ға дейін ұлғаяды.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin