• 16 ноября, 2025 3:54 пп

Шымкентте ұландықтар түтін шыққан үйден тұрғындарды эвакуациялауға көмектесті

Автор:admin

Окт 6, 2025

Шынында заң мен тәртіп – мемлекет пен қоғам өміріндегі әділеттіліктің белгісі. Қазақстанда соңғы жылдары заң үстемдігі орнығып келе жатқанының айғағы ретінде осы жылғы құқықтық статистика бойынша тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар санының 32 пайызға төмендегенін айтуға болады. Әділетті қоғамда заң теңдік пен тәртіптің кепілі болып табылады. Заңның сақталуы қоғамда жауапкершілікті әрбір азаматтың саналы түрде сезіне білуінен және оны мүлтіксіз орындауынан байқалады. Құқықтық мемлекеттегі әділеттілік барлық әлеуметтік қатынастардың заңмен реттелу көрсеткішімен айқындалады. Даңқты қолбасшы Б.Момышұлының: «Тәртіпке бағынған құл болмайды», – дегеніндей, барлық ортада әрбір азамат өзін әдепті, мәдениетті һәм тәртіпті ұстаса мемлекетте тыныштық орнап, істеген істе береке болып, адамдар арасында татулық орнайды. Ол үшін алдымен азаматтарымыздың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін жаңа сапалық деңгейде көтеруіміз керек. Қазіргі қалыптасып отырған жағдайда көшедегі келеңсіздіктер мен ұсақ құқық бұзушылықтан бастап кез келген қылмыстық құқық бұзушылықтың қай түріне болмасын бүкіл қоғам болып ымырасыз күрес жүргізуді Президентіміз дер кезінде көтеріп отыр. Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінің әскери қызметшілері кезекті рет қырағылығымен көзге түсті, – деп хабарлайды Jsk.kz ақпараттық агенттігі. Шымкент қаласының Қалдаяқов көшесі бойын патрульдеу кезінде әскери жасақ тұрғын үйлердің бірінде түтін шыққанын байқады. Әскери жасақ бастығы қатардағы Шахан Серікпай болған оқиға туралы патрульдік топтың бастығы қатардағы жауынгер Нұрғазы Қырықбайға дереу баяндады. Тиісті тапсырма берілгеннен кейін әскери жасақ бастығы патрульшілер Өмірзақ Жолдасбек және Елнұр Бекмаханмен бірге оқиға орнына жедел жетеді. Ұлттық ұлан жауынгерлері келген кезде ТЖМ қызметкерлері авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатқан еді. Әскери қызметшілер өрт сөндірушілермен бірлесіп, тұрғындарды жоғарғы қабаттардан эвакуациялауға қатысты. Осылайша азаматтарға көмек көрсетіп, оларды қауіпсіз жерге алып шықты. Сонымен қатар әскери қызметшілер адамдар көп жиналмауы және арнайы қызметтердің жұмысына кедергі келмеуі үшін аумақты қоршауға алды. — Ұлттық ұланның әскери қызметшілері ретінде біз осындай жағдайларда жедел әрекет етуге міндеттіміз. Бізде ойлануға уақыт болмады. Бірден көмекке жүгірдік, — деді оқиға жайлы әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Шахан Серікпай. ТЖМ қызметкерлері мен әскери қызметшілердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында эвакуация жұмыстары дүрбелеңсіз өтті. Азаматтардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin