• 23 сентября, 2024 2:30 дп

Шымкентте әлеуметтік-экономикалық 126 жоба жүзеге асып жатыр!

Автор:admin

Июн 9, 2023

Бүгінгі таңда индустриалық аймақтарда құны 131,9 млрд. теңгені құрайтын 7 мыңнан аса жұмыс орнын құрумен 126 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде 67,9 млрд. теңгеге 5 мыңнан аса жұмыс орнын құрумен 82 жоба іске қосылған. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының инвестициялық қоржыны жалпы құны 100,519 млрд. теңге болатын 45 жобадан тұрады. Бұл жобалардың аясында 3982 жұмыс орындары ашылады. Оның ішінде жалпы инвестиция көлемі 30,48 млрд. теңге тұратын 17 жоба іске асырылып, 1473 жұмыс орындары құрылды. Сонымен қатар, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы мен ондағы қызмет түрлерін кеңейту (мұнай-химия және машина жасау салалары) жұмыстары жүргізілуде. Бұл өз кезегінде жобаларды жүзеге асыруға жағдай жасауға және осы салаларды дамытуға септігін тигізеді. Сондай-ақ, инвесторларды тарту мақсатында қалада алаңы 306 гектар жаңа «Жұлдыз» индустриялық аймағы құрылып жатыр. Бірінші кезеңде 110 гектарды, екінші кезеңде 230 гектарды игеру жоспарланған. Аталған индустриалық аймақта құрылыс материалын өндіру, металлургия, фармацевтика, жиһаз өндіру салаларындаға инвестициялық жобалар жүзеге асырылады. Қала аумағында 2020-2024 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 1,3 трлн. теңгені құрайтын 113 инвестициялық жобалардың базасы жасақталды. Бұл өз кезегінде 9 500-ден аса жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Осы жылы құны 37,5 млрд. теңгені құрайтын 21 инвестициялық жоба іске асырылып, 945 жуық жаңа жұмыс орындары ашылады. Оның ішінде, шетелдік инвесторлардың қатысуымен 25,9 млрд. теңгеге 5 инвестициялық жоба іске қосылып, жаңа 500 жұмыс орындары құрылады. Қазіргі уақытта қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру және инвестициялар тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, жоғарыдағы аталған инвестициялық жобаларға, қалаға келген инвесторларға және кәсіпкерлерге тиімді қызметтер көрсету мақсатында «Shymkent» ӘКК» АҚ-ы және кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған «бір терезе» қағидаты арқылы қызмет көрсететін «Бизнеске арналған Үкімет – Shymkent Invest» орталығы жаңа форматта құрылды. Бұл фронт-кеңсенің негізгі мақсаты – консультациялар жүргізу, сүйемелдеу, мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету, сондай-ақ, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және инвесторға қызмет көрсету барысында жолығатын шектеулер мен бөгеттерді жою, қызмет алуға қолжетімділік пен ашықтықты қамтамасыз ету болып табылады.Сонымен қатар, төрешілдік пен артық қағазбастылыққа жол бермеу мақсатында фронт-кеңседе Шымкент қаласының бірқатар басқармаларының, Кәсіпкерлер палатасының, Мемлекеттік кірістер департаментінің, «Қазпошта» АҚ-ның филиалының, қаржы ұйымдарының, «Даму» қорының аймақтық филиалының, қалалық миграциялық қызмет басқармасының және «Shymkent» ӘКК» АҚ-ның тиісті мамандары бірлесіп қызмет көрсетіп келеді.

Jsk ақпарат

Автор: admin