• 22 февраля, 2025 4:26 пп

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ: ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР, КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР ЖӘНЕ МҰҚТАЖ АЗАМАТТАРҒА КӨМЕК

Автор:admin

Фев 21, 2025

 

Шымкент қаласында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, жұмыспен қамту, зейнеткерлер мен көпбалалы аналарға көмек көрсету, мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету және аз қамтылған отбасыларға жәрдем беру бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік бағдарламалар мен жергілікті бастамалар халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға айтарлықтай үлес қосуда.
Шымкент қаласында 95 548 зейнеткер бар. Олардың ішінде Ұлы Отан соғысының 2 ардагері, 1639 тыл еңбеккері және 2151 ардагерге теңестірілген азамат тіркелген. Сондай-ақ, 67 741 көпбалалы ана есепте тұр, оның 13 805-і «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері. Қала мәслихатының шешімімен осы санаттағы аналарға 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 5 АЕК мөлшерінде бір реттік төлем қарастырылды.
Зейнеткерлердің денсаулығын жақсарту мақсатында 5 000 ардагер мен зейнеткерге санаторлық-емдеу жолдамалары беріліп, 2 003 адам «Ізетті зейнеткер» мекемесінде сауықтыру емінен өтті.
Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен аспайтын отбасыларға беріледі. 2024 жылы 1-6 жас аралығындағы 15 563 балаға ай сайын 5 538 теңге көлемінде қосымша төлем тағайындалса, 8 810 отбасындағы 45 955 адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Жұмыспен қамту шаралары нәтижесінде АӘК алушылар саны 30,8%-ға азайды.
2025 жылы 4 376 балаға ай сайын 5 898 теңге, 2 538 отбасыдағы 12 978 адамға атаулы әлеуметтік көмек беріледі. Кедейлік шегі күнкөріс деңгейінің 70%-ы ретінде белгіленіп, 35 381 теңгені құрады.
Қалада 41 635 мүгедектігі бар адам тіркелген, оның 7 978-і – 18 жасқа дейінгі балалар. 2024 жылы 43 640 азамат қажетті құралдармен қамтамасыз етілді. Олардың ішінде 7 794 адам протездік-ортопедиялық жабдық алды, 1 439 адамға қол арба, 2 314 азаматқа жеке көмекші мен ымдау тілі мамандары тағайындалды. 9 197 адам сауықтыру емінен өтті, 642 өтінім бойынша инватакси қызметі көрсетілді.
Мүгедек балаларға, қарттар мен өзіне-өзі күтім жасай алмайтын азаматтарға үйде, жартылай стационар және стационар форматында әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. 2024 жылы 4 044 адам оңалту шараларымен қамтылды, оның ішінде 898 адам – стационарда, 902 адам – жартылай стационарда, 1 110 адам – үй жағдайында, 623 азамат – уақытша мекемеде ем алды. Әлеуметтік қолдау шаралары алдағы уақытта да жалғасады.
Толығырақ: https://www.youtube.com/watch?v=cc05HZWOEQU

Автор: admin