• 23 ноября, 2024 10:42 дп

Шымкентте өз кәсбін бастағысы келетін азаматтар үшін – мемлекеттік бағдарламалар жетерлік!

Автор:admin

Июл 15, 2023

    Еліміздегі кәсіп бастағысы келетін барлық жандарды 100% деп алатын болсақ, соның 23%-ы бизнес бастау үшін 100-300 мың теңге ақша сала алады екен. Ал 30% адам 1 миллионға дейінгі ақшасын кәсіпке құя алады.  Яғни Қазақстанда кәсіп бастағысы келетін және кәсіп бастауға ақшасы жететін жандар баршылық деген сөз.  Олардың көбісінде жақсы бизнес идея, қабілет бар. Бірақ көбі «қаржыны қайдан табамын?» деген сұраққа жауап таппай жүр. Ендеше бүгінгі блогты осы сұраққа арнайын. Әрине бизнес бастау үшін дерсіз, бірақ ақшаны алған кезде қайтарымы бар екенін білесіз ғой. Әуелі осыны ойланыңыз. Осы орайда мемлекет кәсіп бастағысы келетін кез-келген азаматты қолдауға дайын. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар тұрғындарымыз үшін жұмыс жасауда. Шымкентте биыл «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» Ұлттық жобасы шеңберінде 447 адамға 400 АЕК дейінгі мөлшерде мемлекеттік грант беру жоспарланған. Өтініштер төрт лек бойынша комиссияда қаралып, мақұлданады. Алғашқы лекте шымкенттіктерден 3100 өтініш түсіп, оның 115-і грант ұтып алды. Мемлекеттік грант алған жандардың 17-сі мүмкіндігі шектеулі азамат, 58-і көп балалы отбасы, 15-сі мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған жан, 12-сі асыраушысынан айрылғандар, 13-і атаулы әлеуметтік көмек алатын аналар. Қайтарымсыз грант алған жандар кәсібін дөңгелетіп, ісінің өрісін кеңетуге осылайша мүмкіндік алды. Қазіргі таңда мемлекеттік грант берудің екінші легіне өтініш қабылдау аяқталды. Бұл жолы 2893 азамат бизнес-жоба ұсынды. Жобасын комиссия алдында қорғап шыққан үміткерлердің нәтижелері «Business.enbek.kz» порталындағы жеке кабинеттеріне хабарлама ретінде жолданады. Айта кетейік, мемлекеттік грант ісін жаңа бастап жатқан кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әр қатысушы оны тек бір рет ғана ала алады.

Jsk ақпарат

Автор: admin