• 25 сентября, 2024 7:18 дп

Шымкентте өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Республикалық турнир өтті

Автор:admin

Июл 4, 2024

Шымкент қаласындағы Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша  ерлер мен әйелдер құрама командаларының арасында Қазақстан Республикасының Кубогының VII турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті. 4 күн ішінде еліміздің  өңірінен келген 13 ерлер және  12 әйелдер құрама командалары жүлделі орындарға тартысты жарыста таласатын болады. Сондай-ақ осындай дәрежедегі жарысқа қатысу және өз  күшін сынап көру үшін Қырғызстан Республикасының спортшысы Алишер Конокбайулу арнайы келді. Салтанатты ашылу рәсіміне Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Мейрамбекұлы Кәрімов, ТЖ департаментінің бастығы генерал-майор  Қуанар Бекенұлы Базарбаев, «Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясы» ҚБ атқарушы директоры Дәурен Төлегенұлы Данаев, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері және басқа да қонақтар қатысты. Олар құттықтау сөзін  сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Ашылу салтанатынан кейін жарыстың бірінші күні — жүз метрлік кедергілері бар жолақтан өту бойынша жарыс басталды. Бұл  дисциплина күш пен  жете назар аударуды  талап етеді. Өйткені, бұл кедергілерді сәтті еңсеру үшін тек жылдамдық  ғана емес, ептілік те  қажет болады.  Жүгіру динамикалық түрде    2 метрлік қоршауды еңсеру, бөрене (бум) арқылы жүгіру, жеңді тармаққа  қосу секілді  бірнеше элементтерді қамтиды. Турнирдің екінші  күнінде командалар оқу мұнарасының  2, 3, 4 — қабаттарына шабуыл сатысымен көтерілу бойынша жарысатын болады. Одан кейінгі  күндері өрт эстафетасы мен жауынгерлік қанат жаю  бойынша жарыстар өтеді. Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасы Кубогының VII турнирінің екінші кезеңі шабуыл сатысымен оқу мұнарасының 4-қабатына көтерілуде ерлер арасында жеңімпаздар анықталды.

1 орын — Буторин Николай, Шығыс-Қазақстан облысы (14,0 сек.)

2 орын — Әбдібек Еркін, Қызылорда облысы (14,07 сек.)

3 орын — Снегирев Дмитрий, Астана қаласы (14,44 сек.).

Командалық есепте

1 орын — Астана қаласы (88,26 сек.)

2 орын — Маңғыстау облысы (88,36 сек.)

3 орын — Батыс-Қазақстан облысы (88,83 сек.).

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасы Кубогының VII турнирінің екінші кезеңі шабуыл сатысымен оқу мұнарасының 2-ші қабатына көтерілуде әйелдер арасында жеңімпаздар:

1 орын — Лукьянова Алёна, Қостанай облысы (7,61 сек.)

2 орын — Бажева Айнура, Қостанай облысы (7,63 сек.)

3 орын — Жидонис Анастасия, Шымкент қаласы (7,67 сек.).

Командалық есепте

1 орын — Алматы қаласы (48,36 сек.)

2 орын — Астана қаласы (48,45 сек.)

3 орын — Түркістан облысы (48,7 сек.).

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin