• 25 ноября, 2024 5:05 дп

ШЫМКЕНТТЕГІ ТАССАЙ ЕЛДІ МЕКЕНІН ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Автор:admin

Июн 6, 2022

Газбен қамту әлі де өзекті мақсаттардың бірі болып отырғанын ескерсек, бүгінде ел аумағында бұл жұмыстар ауқымы сәтімен жүріп келеді. Әлі де газбен қамтитын аймақтар баршылық. Және мемлекет тұрғындар үшін газ бағасын көтермеуді де басшылыққа алған. Газ бүгінде әлемдегі ең сұранысқа ие ресурс саналады. Ресей Ғылым Академиясының Энергетикалық зерттеулер институтының мәліметінше, 2040 жылға дейін газ барлық энергия көздері арасында тұтынудың абсолютті өсіміне ие болады. Қазірдің өзінде газ энергетикасын тұтыну сұранысы жыл сайын артуда. Қазақстан бұл тұрғыда қалыс қалып жатқан жоқ. Қазақстанда газға деген сұраныстың артуына байланысты және осы орайда үкіметтің халықты газбен қамту мәселесін басым назарға алған жұмысы аясында қалалар мен ауыл-аймақтарды газбен қамту бойынша ірі жобалар жасалды. Аталған жобалардың арқасында республикада газ тұтынушылар саны екі есе өсіп, 51 пайызды құрады. Бұл туралы ҚР Сенаты жанындағы сенаторлар Кеңесінің мүшесі, техника ғылымдарының докторы Ләззат Қиынов «Газ беспечности не прощает» атты «Казахстанская правда» басылымына жазған мақаласында баяндайды. Оның сөзінше «Сарыарқа» магистральдық газ құбыры пайдалануға берілгеннен кейін бұл көрсеткіш 60% жетеді. Аймақтарды белсенді газдандырудың арқасында ішкі нарықта газ тұтыну қарқынды өсуде. 2025 жылға қарай ішкі нарық 20 миллиард текше метрге жуық газ тұтынады деп күтілуде, бұл бүгінгі күнге қарағанда 30% -ға артық. Атап өтерлігі, «ҚазТрансГаз» Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін экономикалық айналымға белсенді түрде тартуда. Ұлттық оператор басқаратын елдің газ тасымалдау жүйесі 85 миллиард текше метрге дейін газ өңдеуге қабілетті екен.

Шымкент қаласы Тассай елді мекенін табиғи газбен қамту құрылысы жалғасып жатыр. Бүгін басқарма басшысы Б.Булатбеков Тассай елді мекеніне барып, құрылыс барысында анықталған мәселелерді реттеу мақсатында жиын өткізді. Мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан құрылыс жұмысы 2021 жылы басталған. Бүгінгі күнге дейін 36 шақырым газ құбыры тартылып, жұмыстардың 50 пайызға жуығы аяқталды. Ішкі орамдық газ құбырын тарту жұмысы толығымен 2022 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Тассай елді мекені сапалы ауыз сумен және электр қуатымен қамтамасыз етілген.  Сонымен қатар, кәріз жүйесімен қамту құрылысы да қатар жүргізіліп жатыр. Кәріз жүйесінің жалпы ұзындығы 115,2 шақырымды құраса, бүгінде оның 66,3 шақырымы орнатылып, құрылыстың 62 пайызы аяқталды. Пайдалануға беру мерзімі келер жылға өтпелі.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin