• 23 ноября, 2024 12:49 дп

Шымкенттік депутат Рамазан айында 500 отбасыға көмек көрсетті

Автор:admin

Апр 22, 2021

Үшінші мегаполисте қасиетті Рамазан айындағы қайырымды істер жалғасуда. Nur Otan партиясының ұйытқы болуымен сондай іс-шараның бірі бүгін Еңбекші ауданы аумағында өтті. Аудан аумағында тұратын 500-ден астам отбасыға азық-түлік таратылды. Қайырымдылық ісіне Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, фракция мүшесі
Бәйкен Әшірбаев демеушілік етіп отыр.
– Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың бастамасымен «Рамазан – қайырымдылық айы» акциясы жүруде. Соған қаламыздың тумасы ретінде өз үлесімізді қосып, көмек көрсетуді жөн көрдік. Қандай іс-шара болса да елдегі ауызбіршіліктің нәтижесінде ұйымдастырылатынын ұмытпаймыз. Бірге болсақ, барлық қиындықты жеңіп шығамыз, — деді Бәйкен Әшірбаев.
Партия өкілдерінің айтуынша, тұрғындардың өтініші ескеріле отырып, кәсіпкер азаматтарға ұсыныс жасалып, мұқтаж отбасыларға көмек берілуде.
«Бұған қоса «Бақытты отбасы», «Халыққа көмек», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Құтты мекен» партиялық жобалары жүзеге асырылуда», — деді Nur Otan партиясы Еңбекші аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жандос Қамбарбеков.
Осылайша Еңбекші және Қаратау ауданына қарасты Қаратөбе, Жұлдыз, Сайрам елдімекендерінің тұрғындарына ұн, май, шай, күріш және макарон қораптары бөлінді. Ауыл билерінің қадағалауымен еріктілердің ат салысуымен азық-түлік көліктерге тиеліп, отбасыларға үлестірілді.

Автор: admin