• 20 сентября, 2024 4:02 дп

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Автор:admin

Май 13, 2024

 

🔷 Астанада өткен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Әлемнің 35 мемлекетінен 500-ден астам былғары қолғап шебері қатысқан жарыста шымкенттік оқушы алтын алқа иеленді. Бокстан 75 келі салмақта өнер көрсеткен Санжарәлі Бегалиев — Білім басқармасына қарасты № 104 Е. Юсупов атындағы жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы.

🔷 Вьетнам, Өзбекстан, Қырғызстан сайыпқырандарымен бәстескен жас спортшы Үндістан боксшысы Рахул Кундуды 4:1 есебімен ұтты.

🔷 Санжарәлі Бегалиев ҚР 2 дүркін және Азия чемпионы осыған дейін Иордания, Әзірбайжанда өткен байрақты бәсекелерде ел намысын абыроймен қорғады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin