Шымкенттік полицейлер миллион теңгеге жуық шығын келтірген құқықбұзушыларды ұстады.
Шымкент қаласы Ақжайық шағын мөлтек ауданының тұрғыны Абай ауданы полиция басқармасының қызметкерлеріне белгісіз азаматтардың үйіне заңсыз кіріп, құнды заттарын жымқырғаны жайлы хабарлады. Арызданушының айтуынша, ұрылар құны миллион теңгені құрайтын ақша мен бағалы бұйымдарды алып қашып кеткен. Жәбірленуші үйінде белгіссіз азаматтарды көріп оларға ескерту жасаған кезде, қаскөйлер оны үшкір затпен қорқытып, оқиға орнынан бой тасалаған. Қылмыстық іс аясында жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде құқықбұзушылардың Тараз қаласының тұрғындары екені анықталды. Олардың бұған дейін де осындай қылмыстар үшін сотталғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта олар Абай ауданы полиция басқармасына жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицейлердің кәсібилігі мен шұғыл әрекеті арқасында құқықбұзушылар жауапкершілікке тартылды. Иә, Қазақстан полициясының құрылып, ел мүддесі, ұлт болашағы, қоғам қауіпсіздігіне қызмет етіп келе жатқанына 32 жыл уақыт өтіпті. Біле – білгенге бұл аз уақыт емес. Қазақстан полициясы еліміздің қоғамдық қауіпсіздігінің, тәртіпті қамтамасыз ету мен сақтаудың, азаматтардың еркіндігі мен конституциялық құқықтарын қорғаудың, қылмысқа қатаң талап қоюмен қатар қабілеттілігі мықты мемлекеттік жүйе болып табылады. Қазақстандық полицияның қалыптасуы, басты игілігіміз – ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтап қалуымыз болып табылады. Және ол мемлекетіміздің даму тарихымен тығыз байланысты. Тұлға мен қоғамдық құндылықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – Қазақстанда құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам қалыптасуының шарты. Суға батқан баланы құтқару, қызыл жалынға оранған үйден адамдарды шығару, қарт адамға дереу көмек көрсету. Бұл қазіргі тәртіп сақшыларының күнделікті өмірде жасап жатқан ерліктерінің бір бөлігі ғана. Кәсіптің жақсысы, жаманы болмайды. Полиция қызметкерінің жұмысын оңай деп ойлайтындар жаңылысады. Себебі, полиция қызметкерінің басты ұстанымы – өз ар-ожданының алдында таза болу, қандай қиындықтар, кедергілер болса да шыдамдылық танытып, шыдау. Ал бұл – кез келгеннің қолынан келе бермейтін іс. Өмір деген қателесу мен қателігіңді түзеуден тұрады. Полиция қызметкерінің міндеті – заңдылықтың сақталуын қадағалау, қылмыстың алдын алу. Тәртіп үшін заңнан мәртебелі ештеңе жоқ. Сондықтан, әр тәртіп сақшысының бойынан адалдық пен кәсібилікті күтемін. Бұл салада білімді болумен қатар, бірді ғана емес, бірнешеуін жығатын білекті де болу шарт. Дене шынықтырумен айналысу, спортпен машықтану – полиция қызметкерінің өмірінен ойып тұрып орын алатын нәрсе. Сонымен қатар, полицейлер үшін талап пен жігер қажет деп ойлаймын.
Jsk ақпараттық агенттігі