• 20 сентября, 2024 6:49 дп

Шымкенттік құтқарушылар аквосаябақтарда түсіндірме жұмыстарын жүргізуде

Автор:admin

Июн 6, 2024

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері «Фонтан» аквасаябағының базасында аквапарктерде суға батып бара жатқан адамды байқаған жағдайда алғашқы көмек көрсету және қызметкерлердің іс-әрекеттері мәселелері бойынша бірлескен шебер-класс өткізді, деп хабарлайды jsk.kz ақпараттық агенттігі. Іс-шараға Апаттар медицинасы орталығы филиалының қызметкерлері мен жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қатысты. «Фонтан» аквасаябағы қаладағы ең танымал және демалушылар көп келетін орындардың бірі. Аквасаябақтың ресми ашылу күніне орай 40 ерікті құтқарушы Шымкент құтқарушыларынан адамдарды құтқару бойынша шебер-класс алды.  ТЖ қызметкерлері іс жүзінде суға батқандарды құтқару және зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсету ерекшеліктерін көрсетіп өтті. Бұл іс-шара демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты қызметкерлердің білім деңгейін арттыруға бағытталған. Қала аумағында орналасқан 18 бассейндер мен аквасаябақтардың ерікті құтқарушыларымен практикалық сабақтар өткізіледі. Адамдар өмірін құтқару — жоғары және жауапты миссия. Қазіргі таңда қиын жағдайға тап болғанда адамға қол ұшын созу кез келгеннің қолынан келе бермес. Өзгенің өмірін сақтау үшін өз жанын шүберекке түйіп қызмет етіп жүрген азаматтарымыз қандай мадаққа да лайықты. Бүгінде Қазақстанның төтенше жағдайлар ұйымының құрылғанына ширек ғасырдай уақыт өтті. Қаншама адам өміріне араша түсіп,  көмекке мұқтаж жандардың алғысын арқалаған алматылық құтқарушылар әрдайым көмекке дайын. Шымкент қаласындағы Төтенше жағдайлар қызметі жылына мыңдаған шұғыл дабылдарға шығып, 600-ден астам адам қауіпті аймақтардан құтқарылған. Шұғыл қоңырауларға орай 500-ден астам оқиға орнында жедел медициналық көмек көрсетілген. Кез келген апатты жағдайлардың алдын алуда штаттағы құтқарушылар құрамымен ғана жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан азаматтық қорғаудың аумақтық ішкі жүйесі қалыптасқан. Бүгінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 19 қызмет түрлерінен азаматтық қорғау жүйесі құрылып, әртүрлі профильдегі 1,5 мыңнан астам құтқарушы жұмыс істейді. Шұғыл қызметке 350-ден астам құтқарушы мен 150 бірліктен астам техника тәулік сайын қала қауіпсіздігінің қырағы күзетінде.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin