• 20 сентября, 2024 6:35 дп

Шымкенттік құтқарушылар балдырғанды құтқарып қалды!

Автор:admin

Июн 6, 2024

Шымкентте 4 жасар баланың қолы ет тартқыша қалып қойған. Құтқарушылар бүлдіршінді құтқарып қалды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жедел-құтқару жасақтың құтқарушылары демалыс күндері 22-23 шілде аралығында 6 рет халыққа қызмет көрсету жұмыстарына шыққан. Оның 3-уі жылан аулау, 2-уі сақинаны шешу жұмыстары. Ал бір жас балаға көмек көрсетті. «Құтқару қызметінің «112» нөмеріне 22 шілдеде сағат 19.02-де «Тұран»  шағынауданында орналасқан Новостройка көшесіндегі жеке тұрғын үйде 4 жастағы балаға көмек қажеттілігі туралы хабарлама келіп түскен. Жедел-құтқару жасақтың құрамында 4 адам бар құтқару бөлімшесі оқиға орнына жетті. 4 жасар ер баланың  қолын ет турағыш құралы шайнап қалғаны, соың салдарынан қолын шығара алмай жатқанын анықтады» деп хабарлады қалалық ТЖД. Құтқарушылар гидравликалық және слесарлық құралдарын қолдана отырып, ет турағыш құралды кесіп, баланың қолын темір құрсаудан босатты. Медициналық көмек қажет болғандықтан, оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлеріне тапсырды. Құтқарушы – түрлi табиғи және техногендiк апаттардан адамдарды құтқаруға бағытталған, адамгершiлікке толы, игі мамандық.  Құтқарушы — қауiптi, өмiрді тәуекелмен байланыстыратын мамандық. Түрлi табиғи және техногендiк апаттардан адамдарды құтқаруға бағытталған, адамгершiлікке толы, игі мамандық. Қай уақытта болсын, құтқарушы мамандығының мәртебесі биік. Өйткені олар адам өмірін құтқарумен айналысады. Су тасқыны, өрт, апаттар, тіпті қарапайым тұрмыстық мәселелерде ең біріншіден біз 112 нөмірін теріп, құтқарушылардың көмегін сұраймыз. Қиындыққа қарамастан, олар зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетеді. Лаулаған оттың ортасына кіреді, қансыраған адамды құтқарып, қатыгез қыстың аязында қалғандарға қол ұштарын созады. Бұл олардың жасайтын ерліктері. Алайда құтқарушылардың өздері бұл ауыр да абыройлы жұмыстарымен жар салып, мақтандайды. Төтенше жағдай кезінде жұмыстың дұрыс үйлестірілуі және ұжымның ауызбіршілігі аса маңызды.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin