• 24 ноября, 2024 8:52 пп

ШЫМКЕНТТІҢ БЕЛСЕНДІ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫНДА ЖАЛҒЫЗІЛІКТІ ҚАРИЯЛАР КҮНІ БОЙЫ ҚЫЗМЕТ АЛАДЫ

Автор:admin

Июн 7, 2022

«Қарты бар үйдің-қазынасы бар», – деп, дана халқымыз айтқандай,үйінде қариясы бар жанұя – шынында да, қазыналы, берекелі жанұя. Ақсақалы сиреген ауылдан ар-иман қашады», – деген қанатты сөздер бар. Өйткені, кез келген қазақ шаңырағындағы ата-ана өз баласын үлкендерді сыйлауға тәрбиелейтіні ақиқат. Шымкент қаласындағы зейнеткерлерге арналған Белсенді өмір сүру әлеуметтік-медициналық орталығы жалғызілікті қарияларға күні бойы қызмет көрсете бастады. Бұл мақсатта орталық жанынан 8 сағаттық күндізгі стационарлық жағдайда сауықтыру шараларын көрсететін арнайы бөлімше ашылды. Бүгін қала әкімі әлеуметтік қызмет көрсету нысандарын аралау барысында осы орталықтың бөлімшесіне арнайы барып, қызмет сапасын бақылады.  Қазір  Шымкент қаласында 83 928 зейнеткер бар, оның 568-і жалғызілікті қариялар. Жалғызілікті қарттарға арналған бөлім ашуды қала әкімі Мұрат Әйтенов өткен жылы орталықты аралау барысында тапсырған болатын. Қала әкімі бастамасымен ашылған бұл сауықтыру бөлімшеде дәрігерлік тексеру, фитобар, емдік массаж бен физиотерапия кабинеті мен тұз шахтасы, сурет салу, қыш қолөнер шеберханасы мен еңбек терапиясы секілді 27 сауықтыру қызмет түрі бар. 25 орынға лайықталған бөлімде 3 мезгіл ыстық тама та қаралған.

–Кәрілік шағында қараусыз қалған қарияларымызға асқан қамқорлық қажет. Онсыз да жалғыздық адам жанына бататыны анық. Бөлімшені ашудағы мақсатымыз – оларға барынша қамқорлықпен емдік-сауықтыру шараларын көрсету болатын. Орталық мамандары қарияларға барынша мейірімділікпен қарап, жоғары сапалы қызмет көрсетуі қажет,-деді қала әкімі.  Сауықтыру мекемесінде 300-ге жуық зейнеткерге күнделікті 2 ауысымда 4 сағаттық арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері көрсетіледі.  Күн тәртібі дәрігерлік тексеруден басталады. Қарияларға қызмет көрсету үшін кардиолог, терапевт, невропатолог және физиотерапевт дәрігерлері жұмылдырылған.  Бұл жерде емдік дене шынықтырудан бастап йога, би, бильярд, үстел теннисі, тренажерлық жаттығулар да қаралған. Қызмет алушылардың кино, сенсорлық бөлме, кітапханада демалуға мүмкіншіліктері бар. Белсенді өмір сүру ұзақтығын қалыптастыру мақсатында дендросаябаққа, театр және спорт кешені мен бассейнге бару кестесі түзілген. Осы орталық қызметін алуға ниеттенген зейнеткерлер қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына өтінім қалдыруы қажет. Әрі қарай кезектік негізде емдеу-сауықтыру іс-шараларымен қамтылады.

Jsk ақпарат

Автор: admin