• 24 ноября, 2024 1:59 дп

ШЫМКЕНТТІҢ БОЗАРЫҚ ШАҒЫН АУДАНЫНА  ИНФРАҚҰРЫЛЫМ  ЖҮЙЕЛЕРІ ТАРТЫЛЫП ЖАТЫР

Автор:admin

Окт 7, 2022

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Президентінің жолдаулары мен мемлекеттік даму бағдарламаларымызда отандық өндірушілер мен барлық әлеуметтік  қызметтегі тұлғалардың қызметі әлемдік қарым-қатынастар аясында бәсекеге қабілетті болу мақсаты атап көрсетіледі. Қазіргі күнгі дүниежүзіндегі экономикалық дағдарыстар, халықаралық сауданың әрқилы жағдайларға ұшырауы елімізге де теріс әсерлерін тигізді. Осындай халықаралық экономикалық қатынастарда Қазақстанның дамуы отандық өндірушілер мен кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігіне байланысты болып табылады. Қалалық тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық басқармасының басшысының айтуынша, күні бүгінге дейін қала тұрғындарын әбігерге салып келген ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру жұмыстары дендеп қолға алынуда. Яғни, су басудың алдын алу мақсатында жалпы ұзындығы 9,8 шақырымды құрайтын 32 мекенжайда тұйық ирригация жүйесі жүргізілген. Сонымен қатар, 21 мекенжайда тұйық ирригация жүйесін ретке келтіру жұмыстарының құжаттары әзірленуде. Айта кетейік, өткен жылы қала аумағындағы көшелерді жарықтандыруға 840 миллион теңге бөлінген. Бұл қатарда, 13 көшедегі 2110 дана жарықшам көзі светодиодты шамдарға ауыстырылды. Аталған жарықшам көздері пайдаланылған электр энергиясын 40 пайызға үнемдеуге мүмкіндік береді. Шымкент қаласы үшін ирригация мәселесі өзекті. Әсіресе, көктем мен күз айларында жауын-шашын, еріген қар салдарынан арық-атыздар арнасынан тасып, кейбір көшелерді су алады. Осы ретте биыл қаладағы 32 көшеде тұйықталған ирригациялық жүйелерді жою мақсатында бірқатар жұмыстар қолға алынбақ. Ирригация жүйесіне қатысты атқарылған ауқымды жұмыстар да жоқ емес. Мәселен, Қошқар ата өзенінің Самал базарынан бастап, Ынтымақ елді мекеніне дейінгі 12 шақырымды құрайтын аралықтағы арна бетондалды. Осыдан 3-4 жыл бұрын ондағы үйлерді жаңбыр жауған сайын су шайып, тұрғындар әбігерге түсетін. Ал бүгінде бұл мәселе шешімін тауып отыр. Қалада Қошқар ата, Қарасу, Шымкент, Жаңашек, Ақсай, Қарабастау және Жағабай сынды үлкен арналар бар. Өткен жылы Жаңашек каналының 1,1 шақырымы бетондалып, 1,3 шақырымына айналма арық-атыздар салынды. Қазіргі таңда Шымкенттің ирригациялық жүйесіне жауапты үш мекеме бар. Олар – «ЛТД-Тұрмыс», «Бәйтерек ЛБ» және «Югдорсервис». Бұл мекемелердің бәрінде қажетті құрал-жабдықтар мен техника жеткілікті. Мәселен, «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС-гі су тартатын 3 техника сатып алынды. Бұдан бөлек, ирригация әр аудан әкімдіктерінің де қатаң қадағалауында. Олар тазалықпен қатар, ішкі орам көшелеріндегі ирригациялық жүйелерді тұрақты бақылауға алған. Қаратау ауданына қарасты «Бозарық» шағын ауданында бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы бітіп, инфрақұрылым жүйелерін тарту жұмыстары тоқтаусыз жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтенов нысан басына арнайы барып, бұған дейін берілген ескертпелердің түзетілгеніне көз жеткізді. Мұнда 1,4 шқ электр желісі, 1,2 шқ газ, 1,3 шқ ауыз су құбырлары, 0,8 шқ кәріз жүйесі тартылуда. Қазірге дейін барлық жұмыстардың 30% орындалды. Келесі жылы ауыз мен көгілдір отын тарту жұмысы толық аяқталады. Сонымен қатар 2020 жылы басталған жолдардың құрылысы 50%-ға салынып, қалған жартысы келесі жылы толығымен бітеді. Тексеру барысында мердігер мекеме басшыларына жұмыстың сапасы сын көтеретіндей болсын дегенді қайталап айтқан қала әкімі М.Әйтенов жауапты басқарма басшыларынан шаһарда салынып жатқан әрбір нысанның мерзімінен кешіктірілмеуін де талап етті.

Jsk ақпарат

Автор: admin