• 20 сентября, 2024 12:27 пп

ШЫМКЕНТТІҢ ИНВЕСТИЦИЯСЫНДА ОҢ ӨСІМ ТІРКЕЛДІ

Автор:admin

Июн 13, 2023

Сондай-ақ Шымшаһарда экономиканың барлық салаларында, инвестиция тартуда оң өсім байқалады. Қазақстандық әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және отандық ғылымды дамыту мәселелері Шымкенттік биліктің әрдайым назарынан тыс қалған емес. ҚР Ұлттық экономика министрі инвестиция тарту бойынша Шымкент қаласы, Ақмола, Маңғыстау облыстарында жоғары өсім байқалып отырғанын тілге тиек еткен болатын. Шымкент қаласында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда инвестиция тарту көлемі 84 пайызға артқан. Шаһарда жеті негізгі макрокөрсеткіш бойынша оң өсім тіркелді. Өңдеу өнеркәсібі бойынша барлық өңір оң динамикаға қол жеткізген. Шымкент қаласында өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 4,1 пайызды құрайды. Есепті кезеңде елімізде 2.9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Шымкентте бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,1 пайызға артып отыр. Сонымен қатар, инвестиция саласы бойынша 2021 жылы қала экономикасына — 462 млрд. теңге тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 60,3%-ға артты. Ал келесі жылғы жоспар бойынша – 538 млрд. теңгеге жеткізу көзделуде. Жалпы осы сала бойынша алдағы 5 жылда 4,6 трлн. теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Жалпы 2023 жылы үшінші мегаполиске 721,7 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Нәтижесінде бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 32%-ға артады деп күтілуде. Айта кетейік, 2022 жылдың төрт айында қала экономикасына 108,6 миллиард теңге инвестиция тартылып, осы көрсеткіш бойынша Шымкент елімізде бірінші орынға ие болды. Ал, 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша қала экономикасына 260,7 миллиард теңге инвестиция тартылып, бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 38,8 %-ға артқан. 2021 жылы жалпы құны 152,6 миллиард теңге, 2,5 мың жаңа жұмыс орнымен 63 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарланған. Бүгінде 63 миллиард теңгеге 33 жоба жүзеге асырылды. Сондай-ақ, Шымкент қаласында қолайлы инвестициялық орта қалыптастыру бағытында 2021 жылдың қорытындысымен инвестициялық штабтың 16 отырысы өткізіліп, 157 инвестициялық жобаға қолдау көрсетілген. Жалпы қалада 2021-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 2,7 трилион теңгеге 296 инвестициялық жобалардың базасы жасақталды. Жаңа 20 мыңнан аса жұмыс орындары ашылатын болады. Бұл жобаларға тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізіліп, проблемалық мәселелерін шешу бойынша мемлекеттік қолдаулар көрсетілуде. Бүгінгі таңда қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру және инвестициялар тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Jsk ақпарат

Автор: admin