• 19 сентября, 2024 11:36 пп

Шымкенттің оқушылары Дублиндегі IGeO-2024 олимпиадасының шыңын бағындырды

Автор:admin

Авг 26, 2024

Жыл сайын өтетін Халықаралық IGeO-2024 олимпиадасында Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары Арсен Сыдыков пен Қанат Серікбай топ жарды.

Биыл Олимпиада Ирландия мемлекетінің Дублин қаласында өтті. Әлемнің 50 елінен келген 200-ге жуық қатысушылардың арасынан зияткерлер олжалы оралды.

Байқау нәтижесінде NIS оқушылары қола медаль иегерлері атанды.

Еске сала кетсек, жақында Сербияның Капаоник қаласында өткен географиядан Х Еуропалық олимпиадада Арсен Сыдықов алтын, ал Қанат Серікбай күміс медальдарға ие болған.Сондай-ақ зияткерлер басқа да беделді халықаралық және республикалық олимпиадаларда үздік нәтиже көрсетіп жүр.

Автор: admin