• 21 ноября, 2024 9:45 пп

Шымкенттің спорт саласы күннен-күнге дамып өсіп келеді!

Автор:admin

Июн 1, 2022

Шымкенттік мергендер әлем кубогонің чемпионы атанды. Қазір Әзербайжан астанасы Бакуде нысана көздеуден әлем кубогы өткен болатын. Спорт – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бір бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан-жақты дамуын спортсыз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыс пен ауыстырып отыратын жас адамды айтамыз. Бір сөзбен айтқанда, спорт – барлық тәрбие атаулының бір саласы. Оның түп қазығы – қозғалыс, ал қозғалыссыз тіршілік жоқ. Спорт сөзінің мағынасы кең. Дене тәрбиесі соның құрамдас бөлігі, дәлірек айтқанда бастапқы баспалдағы. Онымен тұрақты шұғылданған адамның денсаулығы мықты, зор болмақ. Бірінші байлық – денсаулық, ал сол денсаулықтың кепілі – спорт. Жарысқа әлемнің 65 елінен 800-ден астам спортшы қатысып жатыр. «Салауатты өмір сүру дегеніміз – тазалық сақтап, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану». Бала тәрбиесіне қазақ халқы ерте кезден көңіл бөліп, баланың ақыл – ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына ерекше көңіл бөліп отырған. Осыған дәлел қазақтың спорттық ойындары. Жас кезінен бастап балаларға дұрыс тәрбие беріп, асық атып, атқа мініп, теңге іліп, бәйгеге шауып, күреске түсіп өскен балалар шымыр да шыныққан, епті де икемді болғанын білеміз. Қазіргі уақытты өткен кезеңмен салыстыра алмайсың. Себебі, уақыт өте көптеген өзгерістер өмірге енді. Тіпті, бала тәрбиесіне жаңаша көз қараспен қараймыз. Қазіргі таңдағы қоғамдағы жатқылықтар жастарға кері әсерін тигізуде. Жастар арасындағы темекі, ішімдікке еліктеушілік, тіпті нашақұмарлық та дендеп бара жатқандай. Қазіргі ғаламдық жаңару кезінде компьютерге тәуелділік мәселесі де қосылып отыр. Қызығушылықпен істеген әрекеттің соңы немен тынарын да түсінбей істеп, опық жеуі мүмкін. Демек, қазақ халқы «тәрбие басы – тал бесік»,- деп бекер айтпаса керек. Жат қылықтарға қарсы тәрбиені отбасы ошақ қасынан бастаған жөн. Қазақстан құрамасынан қатысып жатқан жарыста шымкенттік мергендер 3 медаль жеңіп алды. Атап айтқанда, Елизавета Король/ Елизавета Безрукова «50m rifle 3positions» жаттығуында оқ атудан әйелдер құрамасы күміс медаль алды. Сабақтас «trap/mix» жаттығуында стенд атудан Мария Дмитриенко/ Виктор хасянов қола медальға ие болды, екі спортшы да Шымкент қаласының өкілдері болып табылады. Әйелдер арасындағы «skeet» командалық жаттығуының ақтық сынында Қазақстан құрамасы қола медальға ие болды. Команданың құрамында шымкенттік мергендер: Зоя кравченко/ Рината Насырова. Қазақстанның құрамасында 40 мықты спортшы ел намысын қорғауда. Бакудегі Әлем кубогы спортшылар үшін өте маңызды, себебі ол рейтингтік, рейтингті арттыру арқылы спортшылар Олимпиада ойындарына қатысуға квота алады.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin