• 23 сентября, 2024 8:31 дп

Шымкенттің сыртқы саудасы инвестициямен байланысты!

Автор:admin

Июн 5, 2023

Былтыр Қазақстанның сыртқы сауда айналымы рекордтық деңгейге жетіп, 134,4 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 32%-ға көп. Жалпы Қазақстанның сауда саласы қалай дамып жатыр? Ел экономикасының қазіргі қарқыны қандай? Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші қаншалықты көңіл көншітеді? Бұл туралы толығырақ Jsk.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі баяндайды. Ия Шымкент Қазақстанның экономикалық белсенді қалаларының бірегейі. Қалада жалпы аумағы 886 га құрайтын 5 өндірістік алаң жұмыс істейді, онда 14 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен  345,8 млрд. теңгеге 237 инвестициялық жоба іске асырылуда. Ресми деректерге сүйенсек, импорттың өсуі машина жасау тауарлары импортының 11%-ға, яғни 13,2 млрд долларға дейін, көлік құралдары – 44%-ға, яғни 6,5 млрд долларға дейін, тамақ өнеркәсібі – 19%-ға, яғни 4,4 млрд долларға, химия өнеркәсібі – 27%-ға, яғни 4,1 млрд долларға дейін көбірек тасымалдануымен байланысты. Ұлттық экономика министрлігі алдыңғы жыл Қазақстанның сыртқы саудадағы жетістігін мұнай және металл бағасының жоғары болуымен байланыстырады. Өндірістік алаңдарды құруға мемлекет тарапынан  17,8 млрд. теңге жұмсалса, бюджетке салық түсімдері түрінде 2 еседен астам өтелді (36 млрд.теңге).Сонымен қатар, жаңа өндірістік алаңды құру және қолданыстағы өндірістік алаңдарды кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда еліміздің шикізат секторы да даму үстінде. Мәселен, тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 0,5%-ға артты. Сала бойынша көмір өндіруді қоспағанда, барлық сала бойынша өсім байқалған. Атап айтқанда, металл кендерін өндіру – 2,1%-ға, газ өндіру – 1,1%-ға, мұнай өндіру – 0,1%-ға, сондай-ақ өзге де пайдалы қазбаларды өндіру – 12,9%-ға өскен. Сонымен бірге тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсету – 6,5%-ға артқан. 2023 жылы яғни осы жылы жалпы ауданы 306 га құрайтын «Жұлдыз» индустриялық аймағы пайдалануға беріледі. Мұнда 200 млрд. теңгеге 50 ірі жобаны іске асыру және 5 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда. Бүгінгі таңда құны 130 млрд. теңгені құрайтын  25 жобаны іске асыру үшін жер учаскелері берілді.

Jsk ақпарат

Автор: admin