• 24 ноября, 2024 5:03 пп

Шымкенттің шеткі аумақтары елеусіз қалмайды

Автор:admin

Сен 12, 2023

Шымкент қаласының аумағында аглемерация нәтижиесінде бірқатар елді мекендер мен тұрғын үй алаптары, шағын аудандар пайда болды. Соның нәтижиесінде қаланың қоғамдық мәселелеріде арта түсті. Халықтың талап-тілектері біртіндеп, кезең-кезеңімен шешу жұмыстары жүргізіліп отыр. Әсіресе шеткі аймақтарға басымдылық беріліп, сол аумақтардың әлеуметтік-экономикалық проблемалары біртіндеп шешіліп жатыр. Мегаполис күн санап өсіп келеді, сол сияқты халыққа мемлекет тарапынан атқарылатын жұмыстардың оң нәтижиесі керек екендігі сөзсіз. Жылдан жылға Шымкент халқының саны артуынан шағынаудандар жанынан жаңақұрылыс аумақтары ашылып, ол жерге инжинерлік-инфрақұрылым жүйесін тарту мәселесі туындайды. Басқарма осы мәселе төңірегінде 2022-2023 жылдарға арналған жоспар түзіп, 380,8 млн теңгелік 9 нысанға жобалау-сметалық құжат әзірлеу үстінде. Өткен жылы қала бюджетінен 58 млн қаржы бөлініп, оған бір нысанда, яғни, Сайрам шағынауданында үш кезек негізінде ауыз су тарту құрылысы жүргізілді. Биылғы жыл үшін 7 нысан, атап айтқанда Құрсайдың жаңақұрылыс аумағына электр мен газ, Гидрогеолог шағынауданына ауыз су, электр және табиғи газ, Жұлдыз бен Жалын елді мекені , Қаратөбе, Қарабастау, Еламан және Тәуелсіздікке 20 жыл шағынаудандарының жаңақұрылыс аумақтарына табиғи газ құрылысына 191,5 млн теңге қаржы қаралып, бүгінде құрылысы жұмысы жүргізіліп жатыр. –Ал, қалған бір нысан – «Қызылсу» 220/110/10 кВ электр тарату станция құрылысын аяқтауға тағы 131,3 млн теңге қаржы керек. Сондай-ақ, өткен 2022 жылы қала әкімінің елді мекендерді аралап, халықпен кездесу барысында берілген тапсырмасына сәйкес, инжинерлік жүйе тартылмаған 6 нысанға жобалу құжат әзірлену үстінде. Оның ішінде 4 нысан – Айқап, Ынтымақ-2, Асар-2, Бозарықтың жаңақұрылысының жобасы аяқталып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қалған Ақжайық пен Таскеннің жаңақұрылысының жобасы жыл соңына дейін аяқталады, – дейді басқарма басшысы. Бір ауыз сөзбен айтқанда, шағын ауданның негізгі бөлігі бола ма, жаңа құрылыс аумағы бола ма, барлығына да кезең кезеңімен инфрақұрылым желілері жеткізіледі. Бұл мәселеде ешкім елеусіз қалмайды деген сөз.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin