• 25 ноября, 2024 4:11 пп

Шымкенттің шыңы – Мегаполистің даму қарқыны қандай?

Автор:admin

Июл 4, 2023

Биылғы жылы қалаға кіреберістегі басты магистралды жолдағы жол айрықтың құрылысы, қаланың Солтүстігі мен Оңтүстігін байланыстыратын магистралды жолдың, қаланың транзиттік әлеуетін арттыратын айналма жолдарды пайдалануға беру жоспарлануда (Бәйдібек би-Арғынбеков жол айрығын, Оңтүстік және Шығыс айналма жолдарын, Қонаев даңғылының 3-ші кезеңін, А-2 автомобиль жолының 2-ші кезеңін, Өтегенов көшесінің жалғасын, Темірлан тас жолы және А-2 автомобиль жолындағы үш жаяу жүргіншілер өткелдерін (Алаш, Бекжан базары маңы) пайдалануға беру). Нәтижесінде, жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесін 2018 жылғы 54 пайыздан биыл 71 пайызға жеткізу көзделуде. Жолаушылар тасымалының деңгейін арттыру мақсатында, қаладағы автобустар паркін соңғы 5 жылда  35 пайыздан 90 пайызға дейін жаңартып, шалғайда орналасқан елді мекендерді толығымен автобуспен қамтылды. Сонымен қатар жеке инвестор есебінен құрылысы жүргізіліп жатқан жаңа әуежай терминалын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Темір жол вокзалы сенімгерлік басқаруға беріліп, жеке инвестор есебінен толығымен қайта жаңартылатын болады. Нәтижесінде әуежайдың жолаушыларды өткізу қабілеті сағатына 200 адамнан 2 000 адамға, темір жол вокзалы тәулігіне 2 000 адамнан 6 000 адамға дейін артады. Тұрғын үй құрылысы соңғы бес жылда 3 млн. 700 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй салынды, оның 2 миллионы соңғы екі жылда берілді. Ендігі кезектегі межеміз —  жыл сайынғы тұрғын үй көлемін 2 млн. шаршы метрге жеткізу. Ол үшін бірінші кезекте инфрақұрылыммен дер кезінде қамтуымыз қажет. Бүгінгі таңда, құрылыс аумақтары айқындалып, инженерлік жүйелерді жобалау жұмыстары басталды. Биыл  мемлекеттік бағдарлама шеңберінді 4 445 отбасы баспанамен қамтылады. Дегенмен, мемлекеттік бағдарламадан тыс қалып отырған әлеуметтік санаттағы азаматтар да бар. Аталған санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамту мақсатында, «Қамқор» жергілікті тұрғын үй бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаны жүзеге асыруға 3 млрд. теңге бөлінді (150 азаматқа 20 млн. теңгеге дейін 5 пайызбен жеңілдетілген несие). Қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы қала қалыптастыру мақсатында, ағымдағы жылы 9 гүлзар,  1 саябақ салу және қала орталығындағы Қошқар ата өзенінің жағалауын абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен қатар, аумағы 42 гектарды құрайтын Шымсити шағын ауданында жаңа саябақ құрылысын басталды. Қаладағы демалыс аймақтарын ұлғайту мақсатында, жоспарға сәйкес жыл сайын 10 гүлзар салынатын болады.

Jsk ақпарат

Автор: admin