• 21 ноября, 2024 10:04 пп

ШЫМКЕНТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРУҒА ЫҚПАЛ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ!

Автор:admin

Ноя 1, 2022

Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Талғат Балтабаев №106 мектеп мұғалімдерімен кездесіп, Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауы аясында атқарылатын жұмыстарды баяндады.  Қайнар бұлақ тұрғын алабында өткен жиында халық қалаулысы Президенттің Жолдауындағы бастамалар халықтың әлеуметтік жағдайына тікелей әсер ететінін айтты.

–Мемлекет басшысы өз Жолдауында ең төменгі жалақы мөлшері өсетінін жеткізді. «Еңбекақының нарықтағы жағдайға сай өсіру – халықтың әл-ауқатының басты факторы. Мемлекет ең төменгі жалақыны айқындаудың жаңа тәсілін енгізеді. Бұл әдіс оның мөлшерін біртіндеп ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мен ең төменгі жалақы деңгейін 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдадым. Бұл шешім 1,8 миллион азаматтың табысына тікелей әсер етеді» деген еді. Алдағы уақытта зейнетақы жүйесі де қайта жаңғырады. Зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, жоғары шегі 120 пайызына жетеді. 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақы мөлшерін орташа алғанда 27 пайызға көбейтуге мүмкіндік береді.  Демек, 2 миллионға жуық азаматтың табысы артады. Зейнетақы мөлшері көбейеді. Бұл  әлемде орын алып жатқан саяси оқиғалардың салқынын қымбатшылық арқылы сезіп отырған бұқараға көрсетілген қолдау. Перзиденттің осы Жолдауы әлеуметтің әлеуетіне тікелей әсер етері анық, — деді Т.Балтабаев.  Аталған білім мекемесінің ұстаздары да Жолдауды жылы қабылдағанын, Президенттің әр бастамасына үмітпен қарайтынын жеткізді. Қазақстан Республикасы 2050 жылға дейін кезең-кезең мен жаңа міндеттерді шешу прин­ципі маңызды деп көрсетілген. Бірінші, бюджет саясаты. Мемлекет бюджеті ұзақ мерзімді перс­пектива тұрғысынан қарағанда өнімді, мә­се­лен экономиканы әртараптандыру және инфрақұрылымды дамыту секілді жалпыұлттық жобаларға бағытталуы тиіс – деп көрсетілген. Екінші, салық саясаты. Өндіріс және жаңа технологиялар саласындағы салық салу обьектілері үшін қолайлы салық режімін енгізу. Алдағы 5 жылда еліміз онлайн-электрондық есептілік режиміне көшуі тиіс. Жаңа салық саясаты – әлеуметтік бағыт алуы тиіс; Үшінші, ақша-кредит саясаты. Ұлттық Банк пен Президент Әкімшілігінің зкономиканы қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз етуге бағытталған түбегейлі ақша-кредит саясатының жаңа жүйе­сін әзірлейді-деп көрсетілген. Төртінші, әлеу­меттік саясаттың жаңа принциптерінің бірі- әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік. Бұл қоғамдағы тұрақтылықтың ең басты кепілі.

–Әр Жолдау жарияланғанда ықылас қойып тыңдаймыз. Қ.Тоқаевтың барлық бастамасынан зор үміт күтіп, әділетті, бірлігі бекем болған жаңа мемлекеттің қалыптасып жатқанына қуанамыз, — деді №106 мектептің мұғалімі Зухра Дүйсенбекова.  Жиын барысында Қайнар бұлақ тұрғын алабының инфрақұрылымы, мектепте қосымша білім мен үйірмелер үшін орын тапшылығы, балабақша және демалыс аймақтарын салу мәселесі талқыланды.  Мәслихат депутаты Т.Балтабаев ұстаздар көтерген мәселе жөнінде тиісті басқарма мен аудан әкіміне депутаттық сауал жолдауға, әр айда халықпен жиі кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде есеп беруге уәде берді.

Jsk ақпарат

Автор: admin