• 23 сентября, 2024 6:38 дп

Шымкенттің өңірлік ішкі өнімі 2 трлн теңге, ал 200 млрд теңге инвестиция 5 жылдық құрылысқа арналған.

Автор:admin

Июн 7, 2023

Жергілікті Өңірлік ішкі өнімнің көрсеткішін 2021-2026 жылдары жыл сайын қосымша 2% дамуына ықпал етеді. Сондай-ақ, шартты түрде салықтық түсімдерді 10 пайыз деп алсақ, ол жергілікті бюджетке шамамен 5жылға 20 млрд, ал жыл сайын 4 млрд теңге кірістілікті қамтамасыз етуі мүмкін. Әрине, осы инвестицияны қарастырғанда бір мәселе туындайды. Тұрғын үй кешені салынғанда жабдықтаушы ретінде Шымкент қаласы және оған іргелес аймақтағы құрылыс кәсіпорындарымен қаншалықты бірге жұмыс істейтіні. Себебі, тұрғын үй кешені құрылысында компания жергілікті жабдықтаушылармен жұмыс істейтін болса, бұл қаланың экономикасының дамуына үлкен септігін тигізеді. Келесідей қауіптің де бар екенін айтып кетуіміз қажет. Бұл көрсеткіштер 100 пайыз құрылыс жұмыстарына жергілікті өнімді алған жағдайда ғана жүзеге асырылмақ. Құрылысқа 95 млрд теңге жұмылдыру көзделуде, құрылыс материалдарының 70 пайызы жергілікті кәсіпорындардан алынады деген мәлімет бар. Сонда 66,5 млрд теңге жергілікті өндірушілерді қамтамасыз етуге жұмсалатын болады. Ең маңыздысы сол жердегі кәсіпкерлер сұранысты қанағаттандыруға дайын болулары қажет. Жаңа қоғамның негізін тұрақты, тиімді құру үшін кәсіпкерлер табысын даярлау керек. Кәсіпкерлік қабілетті, қаражаты бар тапты құру үшін, бірінші, білім керек, екінші, өкімет экономикалық саясатын түбегейлі қайта қарауы керек. Елдің болашақ тағдырын білікті кәсіпкерлер шешеді және олар өз елінің гүлденуіне аянбай жұмыс істейтін, өзінің де пайдасын табатын, іскер азаматтар болуы керек. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Шағын бизнес Қазқстанда қарқынды дамып келеді. Дербестігімізге 32 жыл толған еліміздің дамуына шағын бизнесті дамыту өте қолайлы. Шағын кәсіпкерліктің дамуы бір қатар әлеуметтік проблемаларды шешуге негізделеді, соның ішінде шағын бизнес саласында жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету деп ойлаймын. Шағын кәсіпкерлі дамыту тиімділігі әлемдік тәжірибеде дәлелденген, яғни шағын бизнес инвестицияға деген ең төменгі қажеттіліктермен ұлттық өнімнің едәуір бөлігін өндіреді.

Jsk ақпарат

Автор: admin