• 10 ноября, 2024 4:10 дп

Экономиканы мемлекетсіздендіру – мемлекеттің нарықтық  экономикасына әсері қандай…

Автор:admin

Авг 23, 2024

Экономиканы мемлекеттік реттеу пәні нарықтық экономикаға өту кезіндегі мемлекеттің рөлі мен елдің экономикалық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз етудегі экономикадағы мемлекеттің қызметін анықтайды. Сонымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері мен принциптерін, елдің әлеуметтік экономикалық дамуының, халықтың әлеуметтік қорғалуының әдістемесін зерттеу; экономиканы реттеудің нақты әдістерін тәжірибелік тұрғыдан қолдану; қоршаған ортаны қорғау және тағы басқа салалардағы ҚР заңдары мен нормативті актлерімен студенттердің танысуына және пайдаланудың тәжірибелік дағдыларын меңгеруіне септігін тигізеді. Экономика — бұл халықтың өспелі қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану жүйесі. Экономиканың біртұтас жүйе ретінде күрделілігі мұндағы бірқатар дербес элементтердің болуымен және әр элементтің және жалпы жүйені дамытудың мақсаттық шарттарының бір мағыналы болмауымен және жүйені құрушы элементтердің арасындағы байланыстың күрделілігімен айқындалады. Бұл факторларды әлеуметтік-экономикалық дамуды реттеуде ескеру, тиісті деңгейдегі дайындықты талап етеді. Нарықтық шаруашылық жағдайында экономиканы мемлекеттік реттеу — бұл ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жүйенің қоғамдағы өзгерістерге бейімделуін, экономиканың тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз ету мақсатындағы заң шығарушылық, орындаушылық және бақылаушылық сипаттағы мемлекеттік құқық қорғаушы органдармен және қоғамдық ұйымдармен жүзеге асырылатын мемлекеттік шаралар жүйесі болып табылады. Экономиканы мемлекеттік реттеудің міндеттері – экономикалық қатынастарды реттеу барысында билік органдарының алдына қойылатын мақсаттық шарттар жиынтығы.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin