Орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатындағы экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық сипаттагы іс-шаралардың жиынтығыны пайдалану. Бұл ретте мемлекет ұдайы өндіріс пропорцияларында прогрессивтік ілгерілеуді, адал бәсекелестік үшін қолайлы орта құруды қамтамасыз етуге, сонымен бірге экономика субъектілері заңнаманы сақтаған жағдайда нарықтық қатынастардың келеңсіз әлеуметтік және экономикалық салдарға жол бермеуге тиіс. Көп жағдайда экономиканы мемлекеттік реттеуді мемлекеттің елдің экономикалық тыныс-тіршілігінің белгіленген объектілеріне ықпал ету әдістерімен теңестіреді. Мемлекет ықпал ететін объектілерге экономиканың тікелей бастапқы буындары (әр түрлі менешік нысанындағы ұйымдар), нарықтың құрылымы, сондай-ақ нарықтық механизм қамтамасыз етпейтін немесе қанағаттанғысыз қамтамасыз ететін қоғамдық ұдайы өндірістегі жағдайлар, процестер мен қатынастар жатады. Мемлекеттің ең басты экономикалық функциясының бірі — халық әлеуметтік жағынан біршама тең болған жағдайда өндірушілердің, жеткізушілер мен өнімді (қызмет) тұтынушылардың арасындағы заңды әрі тиімді өзара қарым-қатынастар орнату мақсатында ұлттық экономика жұмыс істейтін нормативтік-құқықтық базаны құру. Мемлекет реттеу объектілеріне ықпал еткенде нарықтық өзін-өзіреттеу мен мемлекеттік реттеуішті ұштастыру қарастырылады. Мемлекеттік реттеуіш — бұл мемлекеттік биліктің нормативтік-құқықтық құжаттардың негізінде экономикалық қызметті реттеу жөніндегі әдістері мен құралдары. Мемлекеттік реттеуіштер елдің экономикалық міндеттерін (нарықтың құрылымына, фирманың іс-әрекетіне ықпал ету) шешуге де, сонымен бірге әлеуметтік мақсаттарға (әлеуметтік реттеуіш) қол жеткізуге бағытталуы мүмкін. Негізгі мемлекеттік реттеу құралына әлеуметтік жәрдемақы, санкция, стандарт, сертификат, лицензия, квота, ставка, тариф, норматив, салық, баж, банк пайызы жатады. Экономиканың жұмысының құқықтық негізін құру мен реттеу — бұл іс жүзінде экономикалық агенттердің мінез-құлқының ережелерін, сондай-ақ өндірушілер, түтынушылар мен мемлекет өздерінің іс-қимылында ұстануы тиіс экономикалық қатынастың заңдылық қағидаларын белгілеу, сондай-ақ мемлекет тарапынан олардың орындалуын бақылау. Мемлекет реттейтін объектілерге ықпал ету процесінің сипатына байланысты мемлекеттік реттеудің сан алуан әдістерін тікелей және жанама әдіске бөлуге болады.
Jsk ақпараттық агенттігі