• 29 ноября, 2024 4:30 пп

Экономиканы қаржыландыру және банк секторын дамыту.

Автор:admin

Авг 4, 2024

Банк секторының негізгі міндеті ақша ресурстарын халық пен бизнестің қажеттіліктеріне тиімді қайта бөлу арқылы экономиканың өсуін ынталандыру болып табылады. Осы мақсаттарда экономиканы нарықтық кредиттеу үлесін ұлғайту бойынша, оның ішінде бизнесті кредиттеуді кеңейтуге капиталды босату және өтімділік үшін пруденциялық ынталандыру арқылы бастамалар көзделген. Бұдан басқа, мемлекеттің экономиканы тікелей қаржыландыру   бағдарламаларына қатысуын кезең-кезеңмен қысқарту жоспарлануда, бұл ірі және капиталды қажет ететін инвестициялық жобаларды мемлекеттік қаржыландыруды қаржы нарығының ресурстарымен алмастыруды қамтамасыз етеді. Жұмыс істеуге қабілетсіз кәсіпорындарды мемлекеттік қолдауды тоқтату, сондай-ақ жосықсыз борышкерлерді оңалту және олардың банкроттығы рәсімдерін жетілдіру қажет. Сонымен қатар, факторинг, лизинг, синдикатталған кредит беру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік сияқты қаржыландырудың балама құралдарын дамыту жалғасады. Стрестік активтерді экономикалық айналымға тарту үшін стрестік активтер нарығында жеке инвесторлар мен басқарушылардың пайда болуы үшін институционалдық жағдайлар жасалады, сондай-ақ стрестік активтермен мәмілелер жасау үшін цифрлық платформа құру мәселесі пысықталады. Қаржылық инклюзияны дамыту шеңберінде мүмкіндіктері шектеулі адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін кедергісіз орта құру, өңірлер бөлінісінде қаржы ұйымдарының бейімделген бөлімшелерінің интерактивті картасының жұмыс істеуі бойынша шаралар қабылданатын болады. Неғұрлым талап етілетін қаржы өнімдерінің шарттарын мүгедек адамдардың мұқтаждықтарына бейімдеу жоспарлануда. Қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру үшін халықты цифрлық және киберсауаттылық, жаңа технологияларды пайдаланумен және интернет алаяқтықпен байланысты тәуекелдерден қорғау мәселелері бойынша білім беру бағдарламаларымен қамтуды ұлғайту жоспарлануда.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin