• 25 ноября, 2024 9:44 пп

Экономиканы қаржыландырудың қосымша көзі ретінде бағалы қағаздар нарығын дамыту.

Автор:admin

Авг 17, 2024

Қор нарығының рөлі сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуда және халықтың жинақтарын арттырудың балама құралы ретінде айтарлықтай өсті. Қор нарығын дамыту үшін институционалдық және бөлшек сұранысты, сондай-ақ қор нарығындағы тереңдік пен өтімділікті арттыру жөніндегі іс-шаралар іске асырылатын болады. Өңірлік есепке алу-есептеу хабын дамыту үшін қор нарығының инфрақұрылымдық ұйымдарын ауқымды технологиялық жаңғырту жалғастырылатын болады. Экономиканы қаржыландыруда сектордың әлеуетін арттыру үшін KASE және AIX-те ірі компаниялардың IPO-сын өткізу жоспарлануда. Бұл сондай-ақ Қазақстанның FTSE және MSCI халықаралық индекстеріндегі позициясын арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа эмитенттердің нарыққа шығуы үшін жекелеген бастамалар жеке компанияларды корпоративтік басқарудың сапасы мен ашықтығын арттыруға, клиенттерді қашықтан идентификаттау жүйесін дамытуға және кастодиандық қызметтер нарығын кеңейтуге бағытталатын болады. Капитал нарығын дамыту екі биржаның жұмыс істеуінен синергетикалық әсерді арттыру үшін АХҚО-мен тығыз өзара іс-қимыл арқылы жүргізілетін болады. АХҚО-ны дамыту стратегиясын іске асыру шеңберінде АХҚО қатысушылары үшін қаржылық қызметтердің тізбесін және қаржы нарығының инфрақұрылымына қол жеткізуді кеңейту. Мәселен, Орталық депозитарий мен AIX депозитарийі базасында рейдингтен кейінгі инфрақұрылымды интеграциялау жоспарлануда. АХҚО ислам банкингін, криптовалюталармен биржалық сауданы дамытуда үлкен әлеуетке ие. АХҚО-мен бірлесіп, қаржылық инновацияларды, қаржылық қызметтердің жаңа технологияларын сынақтан өткізу үшін реттеу ортасын реттеудің бірыңғай тәсілдерін енгізу жоспарлануда.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin