• 27 декабря, 2024 2:53 дп

«Қазақстан -2050» стратегиялық бағдарламасы: төртінші ұзақмерзімді басымдық!

Автор:admin

Авг 11, 2022

Стратегияда «Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары» деп осы мәселеге арнайы тоқталу арқылы оның маңыздылығын көрсетеді. Қазақстандағы білім беру саласын дамыту бойынша аталған құжатта мынадай негізгі төрт басымдықтары анықталған:

— Мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу;

-Халықаралық үлгідегі куәліктер беру арқылы инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз ету;

-Жеке бизнестің, үкіметтік емес және қайырымдылық ұйымдарының, жеке адамдардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру;

-Оқыту әдістемелерін жаңғырту және өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім берудің онлайн-жүйелерін дамыту. Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында ұзақмерзімді стратегия арқылы білім реформасын жүзеге асыруға болады. Сол мақсатта ҚР білім беру жүйесі белгілі даму сатыларынан өтіп келеді. Оған ҚР Президентінің жыл сайынғы халыққа Жолдаулары негіз болуда. Атап айтқанда, «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында білім беру мәселесі төртінші ұзақмерзімді басымдықта көрсетілді. Басымдық атауында «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты» деп көрсетілгенімен, құжаттың аталған бөлігінде азаматтардың денсаулығы мен салауатты өмір салтын сақтау мәселесіне мән берілген.Атап айтқанда, тәуелсіздік жарияланған алғашқы жылдардағы өршіп тұрған нашақорлық пен наркобизнес,  темекі мен алкогольді тұтыну мәселені ерекше көңіл аударылған. Білім беру мәселесі кейінгі бағдарламаларда тарқатылып айтылды.  Соңғы жылдардағы құжаттарға көңіл аударатын болсақ, Бұл Жолдауда негізінен дағдарысқа қарсы күрес, қаржы секторын тұрақтандыру, бюджет саясаты, жаңа инвестициялық саясатқа ден қойылған.  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында үш тілдік оқыту, мұғалімдердің деңгейі, кәсіптік білім беру туралы қозғалады. «Төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту» бөлімі келесі жылғы жолдаудың алғышартындай көрінеді. Яғни, әр жылдағы білім беру мәселесінің жолдаудағы өзектілігі әртүрлі деңгейде. Сол кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық проблемалар мен бетбұрыстарға байланысты болып отырады.  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында білім беру мәселесі назардан тыс қалған жоқ. Бұл құжатта білім беру саласын дамыту «Қазақстан-2050» даму стратегиясы, «100 нақты қадам – Ұлт жоспарында» қойылған міндеттер аясында қарастырылған. Атап айтқанда, жаңа индустрияландыру талаптарына білім беру жүйесін, коммуникация мен стандарттау салаларын бейімдеу қажеттігі айтылды. Әдеттегідей оқу орындары жалпы аталмай, агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында аграрлық университеттердің рөлін қайта қарау міндеті қойылды. Яғни, аграрлық университеттер ауыл шаруашылығымен біте қайнасқан ғылыми және оқыту орталығы болуы тиіс. Ол тапсырманы оқу орындары толықтай орындамай отырғаны белгілі.

Jsk ақпарат

Автор: admin