• 22 сентября, 2024 11:37 дп

Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және оның негізгі буындары

Автор:admin

Июл 19, 2024

Елдің біртұтас қаржы жүйесі тиісті ақша қорлары құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз. Сонымен бірге жалпы интитуционалдық тұрғыдан алғанда қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан – ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы екенін шығармаған жөн. Қаржы жүйесі терминінің жоғарыда келтірілген жоғарыда келтірілген анықтамасында қаржының мәнділік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық процестегі орнын негіздей отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы үлгісі қойылған. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі мынадайүш бөлікті қамтиды: қаржы қатынастарының жиынтығы; ақша қорларының жиынтығы; басқарудың қаржы аппараты. Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды. Қаржы жүйесі интеграциялық тұрпатты  жүйе болып табылады, оған кіретін элементтердің (қосалқы жүйелердің) байланысымен және оның қосалқы жүйелерінің бірде-бірі өзінше өмір сүре алмайтындығымен сипатталады: қаржы бір жағынан, өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдереді және осы қатынастар жүйесінің элементі болып келеді, екінші жағынан, өзінің функциялық өзіндік ерекшелігі бар өзара байланысты элементтерден тұратын жүйе болып табылады. Функциялық сыныптауға сәйкес қаржыларда функциялық қосалқы жүйелер ретінде мыналарды айтуға болады: салық, бюджет, сыртқы экономикалық, қаржылық жоспарлаудың (болжаудың), қаржылық бақылаудың және басқа қосалқы жүйелері.

 

Jsk  ақпараттық агенттігі

Автор: admin