• 24 ноября, 2024 4:13 дп

Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы

Автор:admin

Апр 25, 2024

 

Саяси реформалар бағдарламасы институционалдық өзгерістерді қалыптастырды.
Ұйым парламенттік өкілеттіліктің жаңа тиімді құралына ие болды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысымен Парламент Сенатының 5 депутатын тағайындайды.
2023 жылдың маусым айында Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобы құрылды.
Олардың негізгі миссиясы – біздің бірлігімізді заңнамалық деңгейде нығайту.
«Бір ел — бір мүдде» депутаттық тобыының құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің 30 депутаты, оның ішінде Сенаттан –
10 депутат, Мәжілістен — 20 депутат кірді.
Өңірлерде бірлескен қызмет туралы меморандумдар негізінде көптеген жаңа қоғамдық жұмыстар іске асырылуда.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 1000-нан астам этномәдени бірлестіктер жұмыс істейді.
Өңірлерде ҚХА жұмысын үйлестіретін және қамтамасыз ететін 34 Достық үйі бар. Бұл Ассамблеяның көпфункционалды ресурстық орталықтары (интеграция, медиация және волонтерлік) және Ассамблеяның бірқатар республикалық және халықаралық жобаларын іске асырушы алаңдары.
Дәстүрлер мен мәдениетті, интеграцияны, мәдениетаралық байланысты сақтауда Ассамблеяның қоғамдық құрылымдарының жұмысы үлкен рөл атқарады. Ассамблеяның біріктіруші әлеуеті солар арқылы жүзеге асырылады.
Елімізде Достық үйлері 100-ден астам әлеуметтік маңызы бар тиімді жобаларды жүзеге асырды.
2023 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Ақсақалдар кеңесі» құрылды.
Еліміздің барлық өңірлерінде ҚХА жанынан 1119 Ақсақалдар кеңесі құрылып, оның құрамына белгілі тұлғалар, қоғамдық пікір көшбасшылары, этномәдени, ардагерлер бірлестіктері және басқа да қоғамдық ұйымдар қатарынан 7639 мүшесі кірді.
2023 жылы Ақсақалдар кеңесі мүшесінің қатысуымен 190 007 адамды қамтитын 6358 іс-шара өткізілді.
Бүгінде ақсақалдар этномедиация, консультациялар мен азаматтарды қабылдау жұмыстарын тиімді жүргізіп, түзеу мекемелеріне барады, суицид пен діни экстремизмнің алдын алуға ықпал етеді.
Бірқатар облыстарда Ақсақалдар кеңесі ауыз су мәселесін шешумен, жолдардың сапасын жақсартумен айналысады, балалар алаңын салуға көңіл бөледі.
ҚХА Аналар кеңесінің қызметі жан-жақты дамып келеді.
16 мыңнан астам адамнан тұратын 1713 Аналар кеңесі «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» ұлттық жобасын жүзеге асыруда.
2023 жылы Аналар кеңесі 252,5 мыңнан астам адамның қатысуымен
6172 іс-шара өткізді.
Олардың қызметі отбасы институтын сақтауға және нығайтуға, рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеуге, жастар арасында құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
«Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасын іске асыру барысында Аналар кеңесі мен түрлі үкіметтік емес ұйымдар өзара бірлесе жұмыс атқарды. Көпбалалы отбасыларға түрлі көмектер көрсетіледі, әйелдер кәсіпкерлігі дамуда.
«Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі Мемлекет басшысының 2021 жылғы қазан айында ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес құрылды.
Барлық өңірлерде жастар ұйымының өкілдіктері белсенді жұмыс істейді.
Ассамблея жастарының жұмысына 9 мың белсенді жас тартылған.
2023 жылы өңірлерде ҚХА жастарының қатысуымен 50 мыңнан астам қатысушыны қамтитын 1000-нан астам әртүрлі форматтағы республикалық іс-шара өткізілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған ҚХА Медиация кеңесін ерекше атап өткен жөн.
ҚХА тізілімінде 1 294 медиатор тіркелген, 2023 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 2 621 медиативтік келісім жасалған. Ағымдағы жылдың басынан бастап медиация кеңесінің жұмыстың жаңа форматына көшуіне байланысты (этномедиация – жанжалды жағдайлардың алдын алу бойынша жұмыс жүргізілуде) медиативтік келісімдер жасалмайды.
Өткен жылы этномедитация бойынша семинар-тренингтерде 1380 тыңдаушы қамтылды. Олар превентивті саясаттың дамуына жағдай жасайтын кақтығысты жағдайларды реттеу бойынша білім мен білік дағдыларын қалыптастырады, медиацияны пайдаланудың техникасы мен механизмдерін оқытады. Этносаралық қатынастар саласында ғылыми-талдамалық және қолданбалы зерттеулер кешені жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігімен маңызды зерттеулер қолға алынды.
2018-2023 жылдары аралығында жалпы саны 7 ғылыми-техникалық бағдарлама жүзеге асырылды. 2022-2024 жылдары арналған гранттық қаржыландыру аясында этносаралық қатынастар саласында 5 жоба жүзеге асырылуда.
Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты мен ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі этносаралық үдерістерді зерттеу, кең ауқымды мәселелер бойынша ғылыми негізделген ұсыныстарды тұжырымдау, елдегі этносаралық жағдайға мониторинг және талдау жасау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.
Өңірлерде 360-қа жуық сарапшыны біріктіретін 18 ғылыми-сарапшылық топ жұмыс істейді.
2023 жылы этносаралық салада 3 зерттеу жүргізілді, еліміздің 10 өңірінде мониторингтік топтар сапарға шығып, нақты зерттеулер әзірленді.
«Шаңырақ» ҚХА кафедралары мен орталықтарының қауымдастығы елдегі оқу орындарында белсенді жұмыс жасайды және бірыңғай ғылыми, оқу-әдістемелік тәсілдерді әзірлеуде зияткерлік күш-жігерді біріктіреді.
Этноаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша 23 кафедра, орталықтар мен өкілдіктер қызмет атқарады. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де ашылған ҚХА-ның тұңғыш кафедрасы өткен жылы он жылдығын атап өтті.
Бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысына, ақпараттық кеңістікте бірлік пен келісім құндылықтарын насихаттауға ерекше көңіл бөлінуде.
Еліміздің барлық өңірлерінде ҚХА Журналистер клубы және этникалық БАҚ жұмыс істейді.
21 журналистер клубы жұмыс істейді: 1 республикалық және 20 облыстық. Аймақтардағы журналистер клубы мүшелерінің жалпы саны: 207 адам.
Жыл сайын бейбітшілік пен келісім құндылықтарын насихаттауға бағытталған 10 мыңнан астам материал жарияланады.
Этномәдени бірлестіктердің 15 тілде 52 бұқаралық ақпарат құралдары бар.
«Араздық тіліне» қарсы әрекет ету бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде, этностық және тілдік арандатушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстарға басымдық беріледі.

Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық дипломатия институты — Достық елшілері корпусы табысты жұмыс істеуде.
Бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясының 14 Достық елшісі бірлік пен келісімнің қазақстандық үлгісін ұсына отырып, басқа елдермен өзара ынтымақтастықты дамытуға ерекше үлес қосып келеді.
Мемлекет басшысының 2023 жылы берген тапсырмасына сәйкес ҚХА-ның ХХХІІ сессиясында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі» ордені – мемлекеттік награда ретінде белгіленді, ол Қазақстан халқының қоғамдық келісімі мен жалпыұлттық бірлігін сақтауға үлес қосқаны үшін беріледі.
2023 жылы Республика күні қарсаңында «Ел бірлігі» орденімен 7 адам марапатталды.
2023 жылы алғаш рет мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайту мақсатында әдебиет пен журналистика, мәдениет және өнер саласындағы үздік жұмыстар мен шығармаларға арнайы сыйлық тағайындалды. Мақсаты – мәдениет және этносаралық бірлікті нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін мәдениет және өнер қайраткерлерінің, жазушылар мен журналистердің қоғам мен мемлекетке сіңірген еңбегін бағалау.
Республика күні қарсаңында 14 номинация бойынша жүлдегерлерді салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Автор: admin