• 20 сентября, 2024 6:36 дп

Қазақстанда венчурлық инфақұрылымның дамуы – Ұлттық инновациялық қордың басты мақсатының бірі.

Автор:admin

Июн 9, 2024

Түркістан облысында венчурлық инфрақұрылымды дамыту бағытында 2005 жылдан бастап, Ұлттық инновациялық қор 2015 жылға дейінгі өңделетін және ұлттық инновациялық жүйенің (ҰИЖ) құрылуы мен дамуы бағдарламасының негізгі операторы болып отыр. Ұлттық инновациялық қор инновациялық жобаны венчурлық қаржыландыруды және Қазақстандағы венчурлық инфақұрылым мен шетелдік технологияның трансфертін жасайды. Оңтүстік-Шығыс Азия, Израиль, Финляндия, Германия тәрізді елдердің тәжірибеіне сәйкес мемлекет «ҰИҚ» АҚ атынан венчурлық қаржыландыруды экономикалық өсудің бір механизімі ретінде ала отырып, венчурлық капитал нарығының дамуы шеңберінде мақсатқа бағытталған саясатты жүргізіп отыр.  Қазақсатан Республикасында  ұлттық инновациялық қордың қордың  қатысуымен алғашқы венчурлық  қорлар құралған болатын. Қор  жарғылық капиталда (49%-ға дейін)  инвестицияландыратын әрі жалпы соммасы 6 млн АҚШ долларынан аспайтын компанияларды жобалық қаржыландыруға қатысады. Жарғылық капиталының қалған бөлігі (51% және одан да көп бөлігі) жобаны жариялаушының өзімен немесе инвестормен негізделеді.  Ұлттық Инновациялық Қоры 2005 жылдан бастап венчурлық инвестиция салудың Еуропалық қауымдастығына – EVCA және Сингапур қауымластығына – SVCA мүшелік етті. Сонымен қатар Ұлттық Инновациялық Қор ағымдағы 2007 жылдың алғашқы жартысында өз жұмысын бастайтын Қазақстанның венчурлық қорлар қауымдастығының құрылуына бастама жасады. Қауымдастықты құрудағы негізгі мақсаттары, ҚР венчурлық қаржыландыруды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, венчурлық бизнесті қаржыландырудың тетіктерін өңдеу, отандық және шетелдік капиталдардың қатысуымен венчурлық қаржыландыру жүйесін қалпына келтіру болып табылады. Венчурлық қорларды құру, инновациялық қызметке капиталдың бөліндісін тартуға мүмкіндік туғызу, олардың тәуекелдерін төмендету, инновацияның коммерциялануы саласында мемлекет пен жеке кәсіпкерліктің өзара тиімді іс-әрекет тетігін қалыптастыруға негізделеді. Қазақстан венчурлық қорлар арқылы құрылған инвестициялық саясаттың басты белгілерінің бірі ретінде кәсіпорынның технологиялық потенциалының ұзаруын, венчурарлық жобаның экономикалық өнімділігін және тауар мен қызметтердегі сапаның артуы мен көлемінің көбеюін айта аламыз.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin