• 24 ноября, 2024 6:22 пп

Қазақстанда қаржылық сауаттылық қаншалықты сақталған және де мемлекет тарапынан қаржымызды тиімді пайдалануымыз үшін не істеуімз қажет ?

Автор:admin

Апр 18, 2024

Қаржылық сауаттылық – ол білім мен мемлекет жағдайындағы белгілі әрі қалыпты дағды. Бұл сала жалпы, мөлшерлі мемлекеттік қаржыны ақылға қонымды түрде пайдаланудың тың жолдарын көрсетеді. Қаржы жағынан  сауатты болу үшін, негізгі қаржылық ұғымдарды түсіну, қаржылық институттардың қызметтерін бағдарлау және олардың артықщылықтарын, минус- плюстарын тәуекел ете отырып түсіну арқылы пайдалану, нарықтағы жағдайды дұрыс бағалау,  қаржыны басқару:  бюджет жүргізу, шығындарды жоспарлау,  жинақтарды жинақтау және мүмкіндігінше мемлекет алдындағы қарыздық борыштарды өтемеуден аулақ болу.   Қаржылық сауаттылық күтпеген жағдайларда өзін және өз отбасын қаржылық қамтамасыз ету,  өмір сүру сапасын арттыру үшін қажет. Бұл біздің әрқайсымыз үшін атап айтқанда, мемлекет пен қаржылық институттар үшін маңызды. Адамдар қаржыға қатысты ақылға қонымды шешімдер қабылдамаған кезде, тұтынушылық және ипотекалық несиелер бойынша берешектер ұлғаяда, алаяқтардың саны да көп пайда болады, қылмыс деңгейі өседі, экокномикалық тұрақтылық құлдырайды, ал адамдар ақшаны  сенімсіз жекеменшік банктерге салады немесе табысты арттыру үшін заңсыз кәсіптермен айналысады, күмәнді құралдарды пайдалану арқылы банктік қаржыны шешуге тырсады.  Алайда, бұның барлығының бірінші залалы мемлекет тарапына келіп тиері сөзсіз.  Еліміздегі азаматтардың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру – халықаралық табысты тәжірибе призмасы арқылы жан-жақты зерттеуді, зерделеуді талап ететін мемлекет ішіндегі стратегиялық басты міндет. Келешекте қаржылық сауаттылықты арттыру арқылы, халықтың сауаттылық деңгейін көтеру арқылы, Қаржы нарығын дамытуға, елдің тұрақты экономикасын өсіруге және дамытуға болады. Заңнамалық жақтан және саяси-экономикалық тұрғысынан халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру – қажеттілік.

 

Jsk ақпараттық орталығы

Автор: admin