🔷 Бүгін Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбековтің әкімдік ғимаратында кезекті бірыңғай қабылдау күні өтті. Қала басшысының тікелей қабылдауына алдын ала 50 азамат жазылды.
🔷 Қала әкімі жеке қабылдауға жазылған әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, тиісті басшыларға нақты тапсырмалар берді. Оған қоса, қала басшысы бұқараның өтініш-тілектерінің ешбірі ескерусіз қалмайтынын айтып, бәрі заң аясында шешілетінін жеткізді.
🔷 Сонымен қатар, әкім орынбасарлары, аудан әкімдері, департамент пен басқарма басшылары тұрғындардың арыз-шағымына назар аударып, тиімді шешу жолдарын айтты. Ал күрделі әрі шешімін табу үшін ұзақ мерзімді қажет ететін мәселелер әкім орынбасарларының бақылауында болатынын түсіндірді.
🔷 Кезекті бірыңғай қабылдау күнінде баспанамен қамту, жер телімін бөлу және әлеуметтік мәселелер көп көтерілді. Жалпы, 300-ге жуық азаматтың өтініш-тілегі тыңдалды.
🔷 Айта кетейік, қала әкімінің жеке қабылдауына жазылуды Шымкент қаласы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді.