• 26 ноября, 2024 2:25 пп

Қаратау ауданының инфрақұрылым жүйесі жаңғырмақ

Автор:admin

Окт 17, 2023

Шымкент қаласына қарасты бүгінде бес аудан бар. Қала халқының тығыз орналасқан аудандарының бірі осы Қаратау ауданы. Ауданның инфрақұрылым жайы, 2025 жылға дейінгі экономикалық-әлеуметтік даму көрсеткіштері бойынша Шымкент қаласының 2025 жылға дейінгі даму жоспарына сәйкес келе жатыр.  Шымкенттің ерекше белгілерінің бірі – географиялық орналасуы. Қала маңызды көлік жолдарының қиылысында орналасқан, бұл тиімді сауда мен әртүрлі аймақтармен байланыс орнатуға ықпал етеді. Дамыған логистикалық инфрақұрылымның арқасында Шымкент логистикалық бизнес пен транзиттік сауда ағынының орталығына айналуда, бұл қалаға нарықта бәсекелестік артықшылық береді. Сонымен қатар, Шымкентте инновациялар мен жоғары технологиялар белсенді дамып келеді. Инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар, білікті кадрлардың болуы және дамыған ғылыми база инвестициялардың келуіне және заманауи жоғары технологиялық кәсіпорындардың құрылуына ықпал етеді. Инновацияның бұл өсуі Шымкенттің және жалпы Қазақстанның экономикасының дамуына зор үлес қосуда. Осылайша, Шымкент ілгері дамып келе жатқан экономикалық дамушы қала ретінде аймақтағы позициясын нығайта түсуде. Қаратау ауданындағы халық саны бүгінде 213 мыңнан асады. 18 елдімекенде 494 көпқабатты тұрғын үй, 29 762 жеке секторлы үй,  595 көше бар. Аудан халқы ауызсумен 98 пайызға, электр жарығы 98 пайыз, табиғи газ 96 пайызға қамтылған.  Сайрам елдімекені және Қызылсу тұрғын алабы ауызсуды кестемен тұтынатындықтан, биыл бұл мәселе шешімін табатын болады. Яғни, 2023 жылға аудан халқын ауызсумен 100 пайызға қамту жоспарланған. Айта кетейік, Бозарық саяжайының жаңа құрылыс аумағын ауыз сумен қамту жұмыстары да биыл жүргізіледі. Сондай-ақ, ауданды 100 пайыз электр қуатымен қамту жұмыстары да биылға жоспарлануда. Мәселен, былтыр Тұран, Қайнарбұлақ, Достық, Асар-2, Нұртас шағын аудандарына тоқ көзі жеткізілсе, биыл Бозарық саяжайының жаңа құрылыс аумағындағы 1200 абонент электр жарығына жалғанады. Бұл Қаратау ауданы толық электр жүйесімен қамтылады деген сөз. Табиғи газ құбырына келсек, биыл 15 мыңнан аса тұрғыны бар Тассай елдімекенімен бірге Бозарық саяжайының жаңа құрылыс аумағы табиғи отынға қол жеткізеді.  Жалпы аудан халқын толық 100 пайыз газбен қамту 2025 жылға межеленген. Жоспарға сай, Шапырашты, Таскен, Өтеміс, Қызылсу елдімекендеріне газ тартылатын болады. Ал 2025 жылы Достық тұрғын алабы, Мәртөбе, Мирас елдкімекендерін қамту басты назарда.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin