• 19 сентября, 2024 4:23 пп

Қаржы министрлігі 2024 жылдың бюджетін 173%-ға арттыруды жоспарлап отыр, Түркістан облысына әсері қандай болмақ?

Автор:admin

Июн 1, 2024
CREATOR: gd-jpeg v1.0 (using IJG JPEG v80), quality = 100

Соңғы 5 жылда процестерді салық және кедендік әкімшілендіру есебінен бюджет 4 трлн теңгеге толықты. Оның ішінде Түркістан облысында бюджет есебінен атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Қаржы министрлігі салықтық әкімшілендіруді күшейту есебінен бюджет кірісін 173 пайызға арттыруды жоспарлап отыр, деді ведомство басшысы Мәди Тәкиев үкімет отырысында. Оның айтуынша, соңғы 5 жылда процестерді салық және кедендік әкімшілендіру есебінен бюджет 4 трлн теңгеге толықты. Бұл ретте 4 трлн-ның 23%-ы 2023 жылға тиесілі, деп атап өтті министр. «2024 жылы кірістер жоспарында әкімшілендіруге 1,6 трлн теңге салынды, бұл өткен жылдың деңгейінен 173%-ға артық», — делінген үкімет хабарламасында. Министр бұл ауқымды міндет екенін, оған жету үшін бірқатар шара қабылданып жатқанын атап өтті. Мәселен, «Таза парақтан реттеу» шеңберінде салықтық тексеруді белгілеу кезінде тәуекелдерді басқару жүйесінің өлшемшарттары қайта қаралды. «Енді олар нақты іріктеу әдісімен жүргізіледі. Салықтық тексерулер саны 2022 жылмен салыстырғанда 16%-ға төмендеген кезде салықтарды өндіріп алу екі есеге ұлғайды», — деді Тәкиев. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші елдермен кедендік шекарасындағы инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жөнінде ақпарат берілді. Жобаның жүзеге асырылуы өткізу мүмкіндігін 6 есеге дейін ұлғайтып, өту уақытын 2 есе қысқартуға, сондай-ақ тауарлар мен көлік құралдарын тексеру ісін тәулік бойы онлайн режимде бақылауға мүмкіндік береді. Барлық өткізу пунктін реконструкциялау жұмыстарын жыл соңына қарай аяқтау жоспарланып отыр. Президент мемлекеттік қаржының жағдайын жақсарту, атап айтқанда, бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіру салаларын цифрландыру арқылы жетілдіру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin