• 20 сентября, 2024 4:07 дп

Қаржы нарығындағы аралас вариант дегеніміз не?

Автор:admin

Авг 21, 2024

Біздің ойымызша, Қазақстанға аралас вариантты қолданған жөн болады. Ол – валюталық бағамның үздіксіз өзгеруі кезінде реттелетін «айналымның» өте бірқалыпты саясатын жүргізу және түзету енгізетін ел экономикасын тұрақтандыру жөніндегі ішкі шараларды қолдану. Валюталық саясаттың мұндай түрін таңдау инфляция қарқынын, төлем балансының ахуалын, несие үшін пайыздық ставкалардың айырмашылығын, алып-сатарлық валюталық операциялардың, теңгеге деген сенімнің Қазақстанның өзіндегі және әлемдік валюталық рыноктардағы дәрежесін, яғни қазақстандық валюта рыногына ықпал ететін факторларды ескерген кезде ғана мүмкін болмақ. Тұтастай алғанда, біздің көзқарасымызша, еліміздің валюталық саясат варианттарын таңдау кезінде нақты экономикамен байланыстырылған ғылыми негіз бен кешенді әдіс жасалмаған. Сонымен бірге «еркін айналымды» валюталық бағамды кезең-кезеңімен кіргізу қажет еді. Өкінішке қарай, валюталық саясатты жасаушылар теңгенің валюталық бағамын тұрақтандыруға өте жоғары талап қойып, сонымен бірге рыноктық бағам динамикасына ықпал мүмкіндігін шамадан тыс жоғары бағалаған. Бұл жағдай басынан бастап-ақ тек ұлттық валюта эмиссиясына бақылау жасаумен ғана емес, биржада валютаны сату-сатып алу процесін басқару мүмкіндіктерімен де байланыстырылды. Осылай валюталық бағамды қалыптастыру мәселесі әу баста-ақ елдегі экономикалық ортақ ахуалдан тыс, тәуелсіз ретінде қарастырылған болатын. Осы күнге дейін монетарлық органдар Қазақстан жағдайында мұндай көзқарастың проблемаға айналып шыға келуінің мүмкін екендігін дәлелдеуде.  Түркістан облысында иэкономика саласындағы қаржы нарығын реттеу бойынша кешенді жұмыстар атқарылуда.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin