• 27 декабря, 2024 7:55 дп

Қаржылық алаяқтық алдын-алу

Автор:admin

Июн 10, 2024

Қаржылық алаяқтықтың ең көп тараған түрлерінің бірі телефон арқылы (34,2%) жасалатын және интернет-алаяқтық (32,7%) болып табылады. Осы орайда Түркістан облысының әкімдігі қажылық алаяқтықтың алдын-алу бағытында кешенді жұмыстар атқарып келеді. Пікіртерім көрсеткендей, респонденттердің жартысынан көбі қаржылық алаяқтықпен таныс – 55,8%. Көбінесе бұл телефон арқылы жасалатын алаяқтық – «вишинг» (34,2%) және интернет-алаяқтық – «фишинг» (32,7%). Пікіртерімге қатысқандардың 21,6%-ы қаржы пирамидалары тарапынан ұйымдастырылған алаяқтықтың қатысушылары болды, ал 11,5%-ы төлем карталары бойынша орын алған алаяқтыққа тап болды. Бұл ретте алаяқтардың азаматтармен байланысының ең көп тараған тәсілдері ұялы немесе қалалық телефонға қоңырау шалу (51,5%), сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі хабарламалар (33,4%) болып табылады. 56% жағдайда мұндай құқық бұзушылықты танып-білуге болады, алайда респонденттердің қалған 44%-ы мұндай құқық бұзушылықты уақтылы анықтай алмаған. Алаяқтардың айла-амалдарына көбінесе аға буын өкілдері сенім артады, өйткені пікіртерімге қатысқандардың 50,7%-ы (63+) алаяқтық пиғылды ажырата алмаған. Белгілі болғандай, алаяқтарға ерлерге (42,6%) қарағанда әйелдер (45,3%) көбірек сеніп қалған. Бұл көрсеткіштер, ең алдымен, ірі қалаларда кәсіби экономикалық алаяқтықтың даму тәуекелінің жоғары деңгейде екенін көрсетуі мүмкін. Алаяқтыққа тап болған жағдайларда не істеу керектігі туралы азаматтардың хабардар болу деңгейі өте жоғары: респонденттер көбінесе интернеттен ақпарат іздейді (37,9%) немесе құқық бұзушымен одан әрі байланысты үзеді (29,8%). Бұл ретте құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінудің төмен деңгейі (3,1%) жазасыздық және қылмыскерлерді әшкерелеу мүмкіндігінің болмауы тәуекелдерін туындатады. Бұл ретте, зейнеткерлер көбінесе ақпаратты қылмыскерлерге ішінара берді (6,3%) және қылмыскер қоңырау шалған ұйымнан ақпаратты ешқашан нақтыламады (0%). Бұл сұраққа жауаптардың гендерлік ерекшелігі әйелдердің алаяқтардың алдауына көбірек бейім екенін көрсетеді: 9,2% оларға қажетті ақпаратты ішінара берді, салыстырар болсақ, ерлерде бұл көрсеткіш 2,9%-ды құрайды. Қаржылық алаяқтардың кеңінен таралуына байланысты респонденттердің жартысынан көбі қандай да бір шығынға ұшыраған жоқпыз деп санайды, өйткені олар алаяқтармен өзара әрекеттеспеді (57,2%), ал психологиялық қысым (34,4%) басым болған.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin