• 27 декабря, 2024 6:38 дп

 Қаржылық көрсетілетін қызметтерді пайдалана білу

Автор:admin

Июн 10, 2024

Бұл мақаламызда азаматтардың қаржылық өнімдер мен көрсетілетін қызметтер туралы хабардарлығының деңгейі, сондай-ақ олардың тұтынушылар арасында таралуы мен қолданылуы зерттелген. Осы орайда біздің редакциямыз Түркістан қаласының тұрығындары арасында шағын сауалнама жүргізген болатынбыз. Ең танымалы — тауар кредиті (67,6%) және банктік депозит (60,4%) болды, бұл сұралғандардың осы қаржылық өнімдер туралы жоғары хабардарлығын көрсетеді. Банктік депозит респонденттердің соңғы екі жыл ішінде ең жиі ресімдеген өнімі болып табылады – 38,2%, сауалнама жүргізу сәтіне оны сауалнамаға қатысқандардың  35,6%-ы пайдаланған.  Салыстырмалы түрде соңғы екі жыл ішінде тауар кредитін респонденттердің 36,9%-ы, ал өткен жылы сауалнамаға қатысқандардың   23%-ы пайдаланған. Аталған қызметтерден басқа, респонденттер соңғы екі жыл ішінде тұрғын үй кредитін немесе ипотеканы (39,1%), Интернет және мобильдік  банкингті (38,8%), зейнетақы аннуитетін (38,7%) жиі пайдаланған. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді таңдау кезінде респонденттер әртүрлі қаржы ұйымдарында бірнеше нұсқаны қарайды (43,3%). Сауалнамаға қатысқандардың жас ерекшелігі респондент неғұрлым жас болса, тиімді нұсқаларды іздеу кезінде олардың нарықты жан-жақты талдайтынын көрсетті: 18-29 жас – 43,2%; 30-49 жас – 44,3%. Салыстырмалы түрде 50 жастан 63 жасқа дейінгі респонденттер – 41,6%, 63 жастан асқандар – 40,5%. Гендерлік тұрғыдан әйелдер  (44%) ерлерге (42,6%) қарағанда қызметтерді іздеуде көп қызығушылық танытады. Қаржылық сауаттылықтың маңызды көрсеткіштерінің бірі  қаржы ұйымдарында ресми құжаттарға қол қою тәртібі болып табылады.  Халықтың басым бөлігі ( 45,2%,  – 44,9%) қаржы ұйымымен шартқа қол қойған кезде шартты мұқият оқитындарын, талаптарын зерделейтінін айтады.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin