• 5 ноября, 2025 5:38 дп

Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті «Nazira Gold» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.

Автор:admin

Сен 6, 2025

Өздерін зергерлік бұйымдар сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға салған сомаларынан 20-40% көлемінде ай сайынғы табыс табуға уәде берген. Ал, шын мәнінде төлемдер сатудан түскен пайдадан емес, жаңа қатысушылардың салымдарынан жүзеге асырылған.
— Нәтижесінде қаржы пирамидасына 4 мыңнан астам салымшы тартылған. Қылмыстық табысқа күдіктілер екі пәтер, тұрғын үй және 10 автокөлік сатып алған. Тінту барысында 374 миллион теңге қолма-қол ақша және құны 300 миллион теңгеден астам 12 кг алтын бұйымдар тәркіленген, — деп жазды департаменттен.
Күдіктілер екі айға қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жариялауға жатпайды.
Айта кетейік, Агенттікте қаржы пирамидаларының белгілерін тексеруге мүмкіндік беретін «Baiqa, piramida!» Telegram-боты жұмыс істеп тұр.
— Егер сіз немесе жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетіне тап болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жүгінуді сұраймыз. Азаматтарды сақ болуға және күмәнді қаржылық ұйымдарға жинақтарын салмауға шақырамыз, — делінген ақпаратта. Қаржы пирамидасы жүйесімен алаяқтық жасайтын үлкенді-кішілі компаниялардың көбейіп кетуіне байланысты еліміз осыдан үш жыл бұрын Қылмыстық кодекстің 217-бабына қаржы пирамидасын құру мен оған басшылық етуге қатысты жаза түрін енгізді. Осы бап бойынша, кімде-кім қаржы пирамидасын құрса, оған басшылық жасаса, қылмыстың ауырлығына байланысты мүлкін тәркілеумен қоса, он екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Бұдан бөлек, Әкімшілік құқық бұзушы­лық туралы кодекстің 150-бабында қаржы (инвестициялық) пирамидасы қызметiнiң жарнамасын шығарған, таратқан және орналастырған азаматтар әкімшілік жауап­кер­шілікке тартылатыны айтылған. Қаржы пирамидаларының іс-әрекеті қаншалықты қауіпті екенін құзырлы орган­дар айтып-ақ келеді. Қаржы министр­лі­гінің Мемлекеттік кірістер комитеті басқармасының бас сарапшысы – аса маңызды істер бойынша аға офицер Жұма Ерденнің айтуынша, барлық қаржы пирамидасына ортақ бірнеше белгі бар. Олар банк депозиттерінің жылдық пайызынан әлденеше асып түсетін жоғары кірісті уәде етеді. Бі­рақ табысты қайдан алатынын, негізгі бағыт-бағдарын, инвестициясын ашық көрсетпейді. Тек аңғал халықты жинап алып, әдемі сөйлеп, мерекелік безендірген буклеттер таратып, қысқа мерзім ішінде жоғары мансапқа қол жеткізетіні туралы тәтті «ертегілер» айтумен шектеледі. Тиісті орган қор нарығында жоғары кіріс­терді уәде еткен осындай компанияларды тексерген кезде, олардың ешқандай да бир­жа нарығында сатылым жүргізбейтінін, тек жаңа салымшылар есебінен қаржысын көбейтіп отырғанын анықтаған. Сондықтан маң­дай термен келген әрбір тиын ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпес үшін сақ болған жөн.
Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin