• 15 ноября, 2024 5:34 дп

Қаржылық сауаттылық: ақша жинау кезінде нені ескеру керек?

Автор:admin

Апр 16, 2024

Жалпы ақша жинау кезіндегі мақсат — жиналған соманы көбейту. Осы тұста қаржы сарапшысының айтуынша, азаматтар тез байып кетуді ойлап, қаржылық алаяқтарға алданып қалып жатады екен. «Мәселен, бәз біреулер «бізге ақшаңызды салсаңыз, екі-ақ айда екі есе қып қайтарып аласыз» деп жатады. Ал қаржылық жағынан сауатты адам бірден «депозитке салсам, бір жылда 100-ақ мың теңге пайда көрем, ал сен екі айда 2 млн теңге берем деп отырсың, бұл қалай сонда, ақылға сыйымсыз?» — деп кесіп айтады. Қаржылық алаяқтардың бәріне ортақ бір дүние: «қысқа уақытта көп ақша табасыз» деп айтады. Сондай-ақ өзіңнен кейін адам алып келу керек десе де, жоламаған жөн. Жалпы тез байып кету мүмкін емес. Екі-үш жыл асықпай ақшаңызды жинақтап, оны көбейту жағын ойластыру керек. Шығындарыңызды ұлғайтып жібермеуге, оны азайтудың жолдарын қарастырған жөн»,-деп кеңес берді ол. Оның айтуынша, қаржыгердің бір қағидасы бар. «Барлық адам өз мүлкін сатып жатқан кезде, сіз сатпаңыз. Барлық адам сатып алып жатқан кезде, сіз сатып алмаңыз» деген. Бәрі сата бастағанда, сіз сатпаңыз, өйткені ұтылып қаласыз. Бәрі сатып алып жатқан кезде де сіз сатып алмаңыз, тағы да ұтыласыз. Мәселен, доллар өсіп жатыр, бәрі алып жатыр деп жүгіріп барсаңыз, кейін ұтыласыз. Өйткені ол жерде де спекулянттар болады, соларға алданып қалмас үшін салмақтылық таныту қажет»

 

Jsk ақпараттық орталығы

Автор: admin