• 1 ноября, 2024 2:37 дп

Қаржылық сауаттылық: бірге арттырайық!

Автор:admin

Апр 13, 2024

Қаржы әлемі күн сайын өзгеріп отыр. Ақшаны ұтымды пайдаланып, сол әлемде жол табу үшін өзіңіздің қаржылық сауаттылығыңыздың деңгейін үнемі арттырып отыру қажет, сондай-ақ ақпараттық технологиялар саласы мен құқық аясындағы біліміңізді көтеруіңіз қажет.  Алдымен «қаржылық сауаттылық» ұғымы нені білдіретінін анықтап алайық. Бұл бағалы қағаздар нарығының, валюта нарығының немесе экономикадағы күрделі процестердің барлық қыр-сыры мен ерекшеліктерін атүсті білу емес.  Қаржылық сауаттылық – ең алдымен өз ақшаңызды сауатты пайдалана білу. Қаржылық сауаттылық азаматтардың әл-ауқатын және өмір сүру деңгейін жақсартуға әкеледі, тұтынушыларға арналған ақпаратқа қолжетімділікті арттырады, сондай-ақ халықтың қаржылық қызметтерді көбірек қамтуын және оларға қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Қазіргі қаржылық қызметтердің серпінді дамуы, түрлі өнімдердің онлайн-форматқа айналуы және жаңа цифрлық технологиялар, күрделі әрі тәуекелді қаржы құралдарына деген сұраныстың артуы жағдайында халықтың қаржылық сауаттылығы мәселесі оның өзектілігін арттыруды талап етеді. Халықтың қаржылық білімін арттыру қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің негізгі элементі, халық пен бизнестің қаржылық қызметтерге үздіксіз қол жеткізу, қаржылық тұрақтылықты және қоғамның әл-ауқатын қамтамасыз етудің талабы болып табылады. Қаржылық сауаттылықты арттыру арқылы әрбір азаматымыз өзіндік түсінігін қалыптастырып, біліктілігін осы нарықта арттырады. Қаржыны ұтымды пайдалана білу арқылы әрбір азаматымыз экономикаға өзіндік үлесін тигізеді.

 

Jsk ақпараттық орталығы

Автор: admin